Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Камзин Дархан: Жол мәселесі

Құрметті Александр Федорович! Біздің Степной көшесін қыс бойы қазып шықты, құдықтар орнатты, енді қазір көктемде біздің көшемен жүруге мүмкін емес, саз, батпақ бәрі де жолдың бетінде жатыр, жолдың бәрі ойылып жатыр, қашан осы көшені түзейсіндер? Біздің көшенің тұрғындары көбі пенсионер, кішкентай балалар көп, жауын жауып қар еріген кезде көшеде аяқ басалмайсын 

Сіздің 2016 жылғы 14 наурызында Екібастұз қаласы әкімінің №129 сайтына дренаждау жүйесін орнатудан кейін көшелерді көріктендіру жайында келіп түскен өтінішіне, келесіні хабарлаймын:

2015 жылдың желтоқсан айында «Екібастұз қаласының оңтүстік ауданындағы дренаждау жүйесін реконструкциялау, 3 кезек» жобасы бойынша жұмыстар басталды. Жобамен келесі көшелер көзделген: Чехова (Геологическая-Бухар-Жырау), Степная (Казахстанская-Автомобилистов), Бухар Жырау (Чехова-Киевская, 40 лет Экибастуза-Казахстанская), Киевская (Беркимбаева-Гридина), Казахстанская (Степная-Бухар-Жырау), Гридина (Киевская-23 Южный өткелі), 18 Южный өткелі (Амангельды-Чехова), 21 Южный өткелі (Бухар-Жырау-Гридина), 23 Южный өткелі (Геологическая-Гридина), Амангельды (Казахстанская-Безымянный өткелі).

Қазіргі уақытта южный ауданында дренаж жүйесі бойынша жұмыстар аяқталуда. Кепілдік мендеттемелер шегінде топырақтын шегуі жерлерінде қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін болады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртiбi» Заңының негiзiнде Сіз қабылданған шешiмге шағымдануыңызға құқыңыз бар.

 

 

 

  Екібастұз қаласы

әкімінің орынбасары                                                М. Усенов