Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

 2016 жылғы 9 наурызда  14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында «Мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

       Шараға Екібастұз қаласының азаматтық қоғам, «НұрОтан» партиясының өкілдері мен Екібастұз гарнизонының жеке құрамы қатысты.

       «Мемлекеттік қызмет органарында  сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясын іске асыру осы қызметтегі қызметкерлердің жоғары  кәсіби талаптарын анықтауға мүмкінік береді. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар саласындағы құқықтық саналарын  жетіліруге, мемлекеттік органдардағы  сыбайластық  деңгейін  бағалау барысында  нөлдік көрсеткішке жету. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздікті тәрбиелейді» - деді Екібастұз қалалық филиалы «Нұр Отан партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі № 22 гимназия-мектеп директоы Төлеухан Темірханов.

    Семинар соңында Екібастұз гарнизонының басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша 14 МӨСБ қызметкерлерімен жүргізіліп  жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

 Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

Екібастұз қаласының

төтенше жағдайлар басқармасы

14 МӨСБ