Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ашық есік күні

Жариялау күні: 11.06.2013 ж.

2013 жылдың 6 маусымында «ҚР ТЖМ павлодар облысы ТЖД Екібастұз қаласы ТЖБ жедел құтқару жасағы» ММ базасында  мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ашық есік күні өткізілді.  Жасақ басшысы Қабидолдин Болатхан балаларға құтқарушы мамандығы жөнінде әңгімелеп берді.

Құтқару жасағының қызметкерлері жасақ жылнамасы мұрағаты мен төтенше жағдай орындарының экспонаттары, арнайы құралдар, сүңгуір жабдықтары, шұғыл және биікте өтетін ауыр техникасын көрсетті.  

Балалар сүнгуір гидрокостюмы мен жабдықтарын киюге, ауыр гидравликалық құралын ұстауға мүмкіндігі ұсынылды. Арнайы автомобилдердің ішіне кіріп, рөлін ұстағанда, балалардың қуанышы шексіз екені көрінді.

Экскурсия соңында кинология қызметінің басшысы Куценко Галина Анатольевна балаларға ТЖ аумағындағы іздеу құтқару иттерінің жұмысы туралы баяндап берді, содан соң, кинолог бұйрықтарын мүлтіксіз орындап, әр-алуан кедергілерінен өтіп, иттер жұмысын балалар өз көздерімен  көрді. Иттердің көріністері аяқталғаннан соң, балалар іздеу иттерімен жақындасып, ескерткішке фото суретке түсті.

«ҚР ТЖМ павлодар облысы

ТЖД Екібастұз қаласы ТЖБ

жедел құтқару жасағы» ММ                 

кинология қызметінің басшысы                                               Куценко Г.А.