Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЖКО орнын тастап кету

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  жүргізушінің жол жүру қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару фактісі бойынша іс қаралды (ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігі).

Іс бойынша, 2016 жылы 12 ақпан айында құқық бұзушы Ш. көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра өзінің басқаруындағы «Ваз 2101» маркалы автокөлігімен, жол көлік оқиғасын жасады, содан кейін оқиға орнын тастап кеткені анықталды.

Сот отырысында Ш. осы құқық бұзушылықтың жасаған кінәсін толық көлемінде мойындады. Оның жүргізуші куәлігінің мерзімі 2013 жылдың наурыз айында өтіп кеткенін түсіндірді.

Сот, құқық бұзушы Ш. ӘҚБтК берілген баб бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 30  тәулік мерзіміне әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қызметі