Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Отан қорғаушы деген мамандық бар

Отан қорғаушы деп мақтанышпен, лайықты, патриоттық сезіммен айтуға болады. Отанды қорғау үшін бәріге дайын тұру қажет. Бәріне дайын тұру үшін – өз еліңді шынайы жақсы көру керек.

Отаның кішкентай ма, үлкен бе, ол әрқашанда сенің Отаның болып қалады. Ана сүтімен біз оның тынысын – туып-өскен өз жеріміздің тынысын сіңдіреміз.

Соғыстың не екенін ешқашанда білмей өтеміз деген сенімдемін. Біз Отанды бейбіт уақытта қорғайық. Өз Отанымызға өз үйімізге қараған сияқты қарайық. Өзінің салт-дәстүрін, тарихын сыйлаған ел ғана мықты болады. Елімізде саналы адамдар көп болса, соғұрлым болашақ буын, оның ішінде сен де бақытты боласын.

Жақында республиканың облыстық орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері жұмысты бастайды. Олар мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылатындарды іріктейтін болады.

Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелеріне іріктеу басымды, мұқият және қатаң болып табылады. Үміткерлермен Қорғаныс істер жөнніндегі департаменттерге  баратын офицерлер әңгімелеседі. Олардың барлық деректері: оқу және жұмыс орнынан мінездемесі, әскерге шақырылатынның қарым-қатынаста болған ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, бойы 180 см кем болмауы тиіс, медициналық деректері айқындалады.

Кімде Отанға деген адалдық және шынайы берілгендік, батылдық, экстремальды жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындарға, тәртіптілік пен қырағылық айқын байқалатындарға басымдылық беріледі. Бұл жерде моральдық жағынан орнықты, шыдамды, әскери қызметке психологиялық жағынан дайындалған бозбалалар әскери қызмет атқарады.

Әскерге шақыру комиссиясына маңызды тапсырманы орындау жүктелген.   Болашақ жауынгер Қазақстан азаматы болуы, республиканың аумағында тұрып жатқанына 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Әскери қызмет үшін іріктелген әскерге шақырылатындар жеке арнаулы тексеруден өтеді. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне, әскерге шақыруға дейінгі оның өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық факторларына ерекше назар аударылады.

Осындай қатаң талаптар ҚР Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің атқаратын міндеттерінің маңыздылығына байланысты.

«Айбын» мен «Батыр» Президенттік полктерінің әскери қызметшілерін протоколдық іс-шаралар, мәртебелі қонақтарды күтіп алу салтанатты  рәсімдерін өткізу және олардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде көрсететін жоғары кәсіпқойлық, шеберлік ерекшелендіреді.

Олардың мінсіз қызметіне біздің елімізге келген уақытта шетел мемлекеттерінің басшылары мен басқа да мәртебелі адамдар жоғары баға береді.

Жылына екі рет Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қатарын Қазақстан Республикасының бозбалаларымен толықтырады.

Әскерге шақырылған сарбаздар жас жауынгер курсынан өтеді. Оқыту бағдарламасына әскери дайындықтың негізгі пәндері кіреді және әскери қызметшіні жан-жақты дайындауға бағытталған. Әскери ант қбылдағаннан кейін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімдер бойынша бөлінеді.

Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметшілер төзімділікке тексеруден өтеді, өйткені күзетілетін адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен біздің мемлекетіміздің стратегиялық объектілерін күзету жөніндегі атқаратын міндеттер ерекше жауапкершілікті талап етеді.

Мерзімді қызмет өткергеннен кейін запасқа босатылатын әскери қызметшілердің көпшілігі келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға ниет білдіретіні қуантады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қалатын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет бабында өсу мүмкіндігі, сондай-ақ толық әлеуметтік пакет: тұрғын үй, тегін медициналық қызметтер, жоғары оқу орындарында оқуға 50% жеңілдік және т.б. беріледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің тиімділігін одан әрі арттыруды, жоғары білікті кәсіпқойлармен жасақтауды және кадр саясатының ашықтылық принципін жетілдіруді өзінің мақсаты етіп қояды. Осы мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Президенті ерекше міндеттерді орындауды тапсырды.

Іріктеп алынған жастар Алматы қаласында іріктеудің тағы да бір кезеңінен өтеді. Оларды алдарында жас жауынгер курсы, кейін Әскери ант қабылдау дәстүрі күтіп тұрады, ол жастардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы болып табылады.

Бұл жерде оларға кәсіби спортпен айналысуға, өздерінің білімі мен қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік беріледі.

Бөлімдерде спорт пен өнер саласының әртүрінен секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Жауынгерлер театрлар мен мұражайларға барады, әдебиет-музыкалық кештерге және басқа да мәдени іс-шараларға қатысады.

Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдеріндегі әскери қызметтің бір жылы жастардың өміріндегі маңызды кезең, осы уақытта олар білімдерін, тәжірибелері мен батылдықтарын дамытады, ең бастысы Отан алдындағы конституциялық борышын элиталық бөлімшенің қатарында атқарады.

Сіздердің әрқайсыларыңызға, құрметті әскерге шақырылатындар,  Отанды қорғауға мүмкіндік болып тұр.  1971 жылы түсірілген «Офицерлер»

деген кинофильмде айтылатын «Отан қорғаушы деген мамандық бар» деген қанатты сөз қандай да болмасын мемлекеттің – Отан өмірі мен тағдырына алаңдаушылық білдіретін әскери қызметшінің өмірін сипаттайды.

Анықтама

Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 807 Жарлығымен Президенттің Күзет қызметі мен Республикалық ұланды қосу жолымен құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі -  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне Тұңғыш Президенттің – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру, рәсімдік және протоколдық іс-шараларды және мемлекет басшысы айқындауы мүмкін өзге де міндеттерді орындауға қатысу бойынша ерекше миссия жүктелген.

 

 

ҚР МКҚ ОҚҚ Жедел басқармасы