Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жылдың басында Павлодар облысының ХҚКО-да жүз мыңнан астам мекенжай анықтамалары берілді

Мекенжай анықтамасы  тұрғындар арасында ең сұранысы көп қызметтердің бірі болып табылады. Сіздің заңды мекенжайыңызды растайтын құжатты банкте, жұмысқа орналасқан кезде, баланы балабақшаға  мекетепке ресімдеген кезде және т.б. сұратуы  мүмкін.

ХҚКО бөлімдерінде мекенжай анықтамаларын алу үшін  өзіңізде теке жеке куәлік болса болғаны.

Мекенжай анықтамасы тегін беріледі. Оны өзіне-өзі қызмет көрсету секторында, ал егер сізде ЭЦҚ бар болған жағдайда ХҚКО бармай, үйде отырып алуға болады. Мекенжай анықтамасы  тек жеке куәлігін  ұсынған клиентке немесе  нотариалдық сенімхат  болған кезде ғана беріледі. Егер жұбайыңызға және кәмелеттік жасқа толмаған балаға мекенжай анықтамасын алу қажеттілігі туындаған кезде, онда ХҚКО бөліміне  неке және туу туралы куәлікті ұсыну қажет.

Егер алынған анықтамада ескі мекенжай көрсетілген жағдайда  ХҚКО жұмыс істейтін көші-қон полиция  қызметкерлерінен  тұрғылықты орнын тіркеуге түзету енгізу қажет. Жаңартылған мекенжай анқтамасы 10 минуттен кейін дайын болады.