Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар)

«Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр» жобасы бойынша өткізілген қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

 

Өткізілген күні: 2016 жылдың 29 ақпаны, саға.15.00-де.

Өткізілген орны: Екібастұз қаласы, Строительная к-сі., 23, конференцзал, №131-каб.

Қоғамдық тыңдау Екібастұз қаласы әкімдігімен және «Богатырь Көмір» ЖШС-мен ұйымдастырылды.

 

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі бұқаралық құралдар арқылы жеткізілді:

-          БАҚ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №3 (0136) «Семерка» газеті;

-          жергілікті атқарушы органның интернет ресурсы (Екібастұз қ. әкімдігі 2016 жылдың 29 қаңтары);

-          «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 2016 жылғы 28 қаңтардағы интернет ресурсы;

Қатысқандар:

-          жұртшылық, Екібастұз қ. «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері;

-          «Богатырь Көмір» ЖШС-нің өкілдері;

-          «KazСтройПроект-ПВ» ЖШС әзірлеушілерінің өкілдері.

-           

Қатысушылардың тізімі қоса беріліп отыр.

 

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібінде:

  1. Қоғамдық тыңдауды өткізу кезінде төраға мен хатшыны сайлау.
  2.  «Богатырь» кенішінде көмірді шығарудың авто-конвейерлік технологиясы біркелкіленген – жүк арту кешенінің (БЖК) объектілерінде шаң басу кезінде қажеттілікті қамтамасыз ету үшін «Северный» кенішінде (1,2,3,4 участоктар) және «Богатырь» кенішінде (5,6,9,10 участоктар) дренажды суды шығаратын магистральды құбыры» жобасын ұсыну (регламент 20 минут)
  3. Сұрақтар мен жауаптар (сұрақ қою регламенті 5 минуттан көп емес).

 

Қоғамдық тыңдау өкілдерінің бірлескен шешімімен тағайындалғандар:

-          төраға – Л.С.Ересько «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ өкілі

-          хатшы – О.В.Ярошенко «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ҚОҚ жөнінде жетекші инженері.

 

Сөз сөйлегендер:

Н.А.Шулаева – қоршаған ортаны қорғау  қызметі техникалық директордың орынбасары – қоғамдық тыңдауды ұйымдастырудың үрдісі туралы, қарастырылып жатқан жобалық құжаттама бойынша қысқаша ақпаратпен;

М.Е.Кунафина - «KazСтройПроект-ПВ» ЖШС-нің инженер-экологы -  «Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр» жұмыс жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) бөлімі бойынша баяндамамен.

Қарастырылуға ұсынылған ақпарат мыналарды растайды:

Жоба «Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр салуға байланысты әзірленді.

 «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбырды салу жобасында келесі ғимараттар мен құрылыстарды салу қарастырылған:

  1. Тіреуіш қабырғасы бар сорғы станция;
  2. Жинақтаушы сұйық қойма;
  3. 2 дана сөндіргіш құдық;
  4. Теміржол жолдарының үстімен өтетін ауданда құбыр бөлігінің жер үстіндегі бөлігіне арналған эстакад металл құрылма;
  5. 2 дана бұратын құдық;

«Северный» кенішінің №2 дренажды шахтасындағы тік бағаннан және «Богатырь» кенішінің №2 дренажды шахтасындағы еңісті бағаннан дренажды судың қысымды желісін салу жобамен қарастылырған. «Богатырский» қиыршық тас карьерінен карьерлік суды соратын құбырларды және «Южная» станциясындағы тазаланған судың құбырын болашақта дренажды су құбырына қосу жобамен қарастырылған.

Атмосфералық ауаға әсері – ұйғарымды болып табылады.

Құрылыс кезеңінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың 18 түрі бөлінеді, пайдалану кезеңінде зиянды заттар атмосфераға шығарылмайды.

Жобаланған объектіден зиянды заттарды шығару мен олардың соңғы шоғырлану көлемін қысқарту жоспарлы, технологиялық және арнаулы іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде:

- жақын жерлердегі тұрғын аудандарға (СҚА санитарлық қорғалған аймақ шегінде емес) шығарылған заттардың әсерін азайтуға ықпал ететін жоспарлы іс-шараға қолайлы жағдай жатады: жобаланған объект селитебті аймақтан айтарлықтай қашықтықта орналасқан.

- технологиялық іс-шараларға жаңа жабдықтарды қолдану мен жабдықтың үнемді және сенімді режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар жатады.

Жер асты және жер үсті суларына әсері.

Құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан аймақта жер үстіндегі өзен, көл сияқты су көздері жоқ. Сондықтан объекті балық – шаруашылығы және мәдени-тұрмыстық маңызы бар жер үсті суына әсер етпейді.

Пайдалану кезеңінде шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін қолда бар су құбырының желілірін қолдану қарастырылған, ал сорғы станциясынан шаруашылық – тұрмыстық суды бұру үшін шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорынды шақыртумен жобаланған шұңқыр қарастырылған.

Пайдалану кезеңінде өндірістік қажеттерге суды қолдану жобамен қарастырылмаған.

Дренажды суды бұру зумпфтағы өлшенген заттар тұндырылған соң жүзеге асырылады, сосын жобаланған сорғы станциясының көмегімен жобаланған су аққыға, соңынан Ақбидайық жинақтаушы көліне жіберіледі.

Жер ресурстары мен топыраққа әсері.

Жобаланған объект жер ресурстарына шамалы ғана әсер етеді, себебі барлық құрылыс жұмыстары техногенді игерілген аумақта жүзеге асырылады. Құнарлы қыртысты алу мен сақтау, аумақтағы топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мәселелерін шешу қажет емес, аталмыш участокта топырақты – құнарлы қыртыс жоқ.

Жиналған және уақытша сақталатын қалдықтар жабдықталған жерде қоймаланады, артынан қалдықтар полигонына шығарылады.   

Өсімдік және хайуанаттар әлеміне әсер. Жобаланған объект орналастырылатын аймақта құнды табиғи кешендер мен ерекше күзетілетін объектілер жоқ. Келетін әсер ұйғарынды деп бағаланады.   

Физикалық әсер. Құрылыс жұмыстары барысында пайда болатын шуыл уақытша және жергілікті сипатқа ие.

Пайдалану кезеңінде шуыл көздері болмайтын болады.

Жоба жүзеге асырылған соң, дренаж суын ауыстырып құятын құбырды пайдаланған кезде қоршаған ортаның жағдайына жағаымсыз әсер болмайды.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімі аяқталған соң, «Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережесіне» сәйкес «Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр» атты жұмыс жобасы мемлекеттік эколгиялық сараптамадан өтуге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін болады.

 

Жұртшылықтың сұрақтары, ұсыныстары және ескертпелері:

 

Сұрақ: Ересько Л.С. «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі   

Жобаланып отырған құбырдың ұзындығы қандай? Қолданылатын құбырлар қандай материалдан жасалған және олардың диаметрі қандай?

Жауап: Сажин Н.Н. «КаzСтройПроект – ПВ» ЖШС-нің жобалаушы инженері

Жобаланып отырған құбырдың жалпы ұзындығы 14032 м-ді құрайды. Құбырлардың

материалы – полиэтилен, әр түрлі ұзындықтағы құбырлардың диаметрі - 500х23,9, 110х5,3, 710х17,4  мм.

 

Сұрақ: Әубәкіров Е.Ж. «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі.  

Қазіргі уақытта «Ақбидайық» жинаушы көліне қандай мөлшердегі ағынды және дренаж суы бұрып ағызылады?

Жауап: Шулаева Н.А.

            Қазіргі уақытта «Ақбидайық» жинаушы көліне су ағызатын екі саңылау бар. Су ағызу көлемі 2044,0 мың м3/жыл-ды құрайды.

 

Сұрақ: Новоселова А.С. Екібастұз қаласының тұрғыны

Дренаж суын шаңды басуға қолданатын болады ма?

Жауап: Кунафина М.Е.

Иә,  жобада шаңды басуға суды пайдалану қарастырылып отыр.

 

«Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директорының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Шулаева Н.А. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережесінің» 23-тармағына сәйкес дауыс беру жүргізді:

«Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр» атты жұмыс жобасын  қоғамдық тыңдауға қатысып отырған жұртшылық  бір ауыздан өткізілді деп таныды.

 

Талқылау қорытындысы бойынша тұжырым:

Талқылау барысында қоғамдық тыңдауға қатысып отырған жұртшылық өкілдері жоспарланып отырған шаруашылық қызмет бойынша сұрақтар қойды. Жобалау ұйымы мен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің уәкілетті өкілдері объективті және толық жауап берді.   

«Богатырь» кенішіндегі көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясы біркелкілеу-тиеу кешені объектілерінде шаңды басу барысында туындайтын қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған  «Северный» кешені (1,2,3,4-участоктар) және «Богатырь» кешені (5,6,9,10-участоктар) дренаж суын ауыстырып құятын магистральдік құбыр» атты жұмыс жобасына экологиялық зардаптар туралы өтініште және  «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бөліміне есепке алуды және өзгерістер енгізуді талап ететін түбегейлі келіспеушіліктер, ескертулер және  ұсыныстар жоқ. 

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы                                      Ересько Л.С.

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы                                     Ярошенко О.В.   

Участники собрания