Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ата–бабалар аңсаған арман

1 наурыз күні Достық Үйінде Алғыс айту күніне арналған  «Ата–бабалар аңсаған арман» атты кездесу кеші өтті. Бұл күні қазақ халқына алғыс айту арқылы ұлт пен ұлыстардың басынан кешкен тауқыметтерін еске алады. Қуғын–сүргін жылдарында тағдыр тәлкегіне ұшырап азап шеккен адамдар қазақ жеріне қоныстағаны белгілі. Кеш барысында сөз алған «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ким Галина өз естеліктерінде әр қимылдан шошып қалған кәріс отбасы мүшелерінің әлі үйренісе қоймаған қазақ әйелдерінің лақтырған «тасының», қазақтың сүт тағамы құрт екенін білген сәтте шексіз қуаныш пен достық сезімге дес берген сәтін сыр етіп атқарды. Ұлтқа бөлінбей сөз алған әр адам жүрекке жылы тиер қасиетті достық пейілде сырласты. Мұсылман әйелдер Лигасы тарапынан қазақ халқының қонақжай, кеңпейіл мейірімі, дос–тамыр түсінігі екі тілде мысалдармен өрнектелді. Ұлттық «Шашу», «Сүйінші» дәстүрлері орындалып «Алғыс айту» күнімен құттықтау рәсімі ерекше деңгейде мерекелік шеруді әрлендіре түсті.