Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2016 жылғы ақпан айындағы жұмысы туралы

2016 жылдың ақпан айында қала әкімінің орынбасары М.Д.Адасбаеваның төрағалығымен Комиссияның 3 отырыс өтті.

Отырыста 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1) Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Е.Ж.Букаевтың  ішкі істер органдарының  қылмыстық бағыттағы топталуын ажырату тұрғысындағы жұмыстары туралы есебі.

2) Қала  колледждеріндегі жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды оқыту мен тәрбиелеудің шарттары туралы.

3) № 2, 4, 5, 9, 10 35 ЖОББ мектептердің және № 6 мектеп-лицейі мен № 7 мектеп гимназиясы ата-аналар комитеттері өкілдерінің есептері

4) Комиссия мүшелерінің сабақты жүйелі түрде босататын және құқық бұзушылыққа бейім балалармен профилактикалық Кеңестер жұмыстарын тексеруінің  қорытындысы туралы.

5) Қаланың білім беру мекемелерінде жаппай оқыту бойынша айлық және «Қамқорлық» акциясының қорытындысы  туралы.

         Комиссия отырысы бойынша мынадай тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар  берілді

Сондай-ақ, Комиссия кәмелетке толмағандардың 7 жеке ісін қарады.

Кәмелетке толмаған қызын  тәрбиелеу бойынша міндетін атқармайтын, нақтырақ кәмелетке толмағанның міндетті орта білім алуына кедерге келтіретін заңды өкілге қатысты 1 материал қаралды.

Қазіргі уақытта   сотқа жолдау үшін  бір кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына  орналастыру жөнінде материал жинау жұмыстар атқарылып жатыр.

Кәмелетке толмаған 5 балаға бұндай құқық бұзушылықтарды қайта жасамауы  жөнінде ескертіліп, Комиссияның бақылауына  алынды.

 Комиссия   ІІБ ЖПҚ ювенальді полиция тобына ҚР ҚК 140-б. 1-б. бойынша  жалпы білім беретін  орта мектепте оқуы бойынша тиісті шара қабылдамайтын заңды өкілді қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынды.

Комиссия шешімінің орындалуы кезекті отырыста қаралатын болады.