Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Семинар Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Усеновтің төрағалығымен өтті.

2016 жылғы 3 ақпанда құқықтық жаппай оқыту шеңберінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» №213-V Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы   Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілген    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 2015 жылдың 13 қарашасында енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша  семинар өткізілді.

Семинар Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Усеновтің  төрағалығымен өтті. Бұл семинарға Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Тыңдаушыларға мүлікті жария ету туралы заңы мен Қазақстан Республикасы әдеп кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді.