Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер,  ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың қаңтар айында азаматша Ш. тұрғын үй подъезінде бола тұра азаматша А.-ның атына былапыт сөйледі. 
Сотта азаматша Ш. осы жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың кінәсін толық көлемінде мойындады және шынымен А-ның атына балапыттап сөйлегенін, алкогольді мас күйінде болғандықтан басқа толықтықтар есінде жоқтығын түсіндірді.

Алдағы уақытта ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы растады.

Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК 434-бабының 2 бөліміне қарасты әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзіміне әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі