Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ!

ҚР Салық кодексінің 645-б. 1-т. сәйкес қызметі жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері жоқ орындарында салық төлеушілерді қоспағанда, бензинді (авиациялық отынды қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер қолма-қол ақша арқылысауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға 2015 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шаштараз және сулулық салоны қызметтерін, қонақ үй қызметтерін көрсететін, тұрмыстық электр заттарын, аудио және бейне техникаларын сататын және басқа қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер қолма-қол ақша арқылысауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті(ҚР 30.12.2015 жылғы №1129 қаулысы).

Қолма-қол ақша арқылы сауда жасағанда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралыақпарат фискалды деректер операторының (www.ofd.kz.) және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (www.kgd.gov.kz.) порталында орналастырылған.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН!Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша салық органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады.

Егер, бұндай заң бұзушылық ескету түрінде әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай айып салынады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефоны: 8(718-2) 53-55-71;  8(718-2) 61-32-81.