Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жүлделі орындар қоржынында 2 марапат

Ақпан айының 14 мен 20 аралығында Алматы қаласында ғылыми жобалардың республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Бұл сайысқа Екібастұз қаласының № 9 жалпы орта мектебінің оқушысы Алуа Қадуова химиядан, № 26 мектеп-гимназиясының оқушысы Малика Айтжанова математикадан, № 21 жалпы орта мектебінің оқушысы Сымбат Хамитова өлкетанудан, № 22 мектеп-гимназиясының оқушысы Марлен Қайратұлы физика пәнінен қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша М. Айтжанова және М. Қайратұлы III дәрежелі дипломдармен марапатталды.