Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда баспананың салтанатты ашылуы өтті

Жариялау күні: 06.06.2013 ж.

Бүгін, 2013 жылдың 6 маусымында, Қала күні қарсаңында Екібастұзда баспанаға кезекте тұрған 54 тұрғын, оның ішінде халықтың әлеуметі осал тобы мен бюджет қызметкерлері жаңа пәтерлердің кілттеріне қол жеткізді.

Жаңа қонысқа Екібастұздың тұрғындары «Қолжетімді баспана – 2020»» бағдарламасы аясында ие болды. Барлық пәтерлерді екібастұздықтар Энергетиков к. 36 үйден алды.

Екібастұз қаласы әкімінің атынан әкімнің орынбасары Марданова Айгүл үйдің кілтін тапсыру рәсіміне қатысып, баспаналы болған жанұяларды қуаныштарымен құттықтады. Ол жаңа пәтер иелеріне зор денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тіледі.