Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азаматша Н. 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызы бар, ол оны тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған. 2016 жылдың қаңтар айында бала үйден кетіп қалған. Берілген факт бойынша Н. қатысты әкімшілк құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды. Іс материалдарындағы анықтама бойынша, азаматша Н. наркологиялық диспансерінде есепте тұр екен. Тұрғылықты жерінде Н. жағымсыз сипатталады.

Сот отырысында Н. жасаған құқық бұзушылық кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта осындай мән-жайларды болғызбайтынын және маскүнемдік тәуелділіктен емделу шараларын қабылдайтыны туралы хабарлады.

Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК 127-бабының 1-бөліміне қарасты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 14847 теңге құрайтын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сотпен айыппұлдың соммасы 30%-ға 10393 теңгеге азайтылды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

 

Екібастұз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі