Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Педагогикалық шеберліктің конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында Екібастұз өңірі жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында «Қоғамтану пәнінен Жыл мұғалімі» қалалық конкурсының бірінші іріктеу туры басталды.

Бірінші тур қорытындысы бойынша барлық 14 қатысушы сабақтарында өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетеді, қазылар алқасы екінші финал турына қатысу үшін 7 мұғалімді таңдап алады.

Конкурс педагогикалық бастаманы анықтауға және қолдауға, білім сапасын арттыруға бағытталған.