Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) 2015 жылғы жұмысының талдауы

Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және  панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңына,            Қазақстан Республикасы    Үкiметiнiң  2001   жылғы 11  маусымдағы № 789 қаулысымен  бекітілген  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары туралы  істерді қарайды және кәмелетке толмағандарды күтіп-ұстау мен тәрбиелеуге бақылау жүргізеді.

Комиссия отырысы айына екі рет өткізіледі.

Комиссияның құрамына облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қаланың ішкі істер, әділет басқармаларының, қылмыстық-атқару инспекциясының, денсаулық сақтау өкілдері, білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімдерінің басшылары кіреді. 

2015 жыл ішінде Комиссиямен 25, соның ішінде 2-і Солнечный және Шідерті кенттеріне көшпелі отырыс өткізілді.

Кәмелетке толмағандар мен олардың  заңды өкілдеріне қатысты 80 жеке іс қаралды.

Барлық қаралған материалдар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Комиссия жеке істерден басқа, тәрбиелеу-алдын алу жұмыстарының мәселелерін қарастырады:тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының  жағдайы мен олардың алдын алу шараларына  тоқсан сайын талдау жасалады, осыған сәйкес Комиссияның бұдан арғы жұмысы жоспарланады.

2015 жыл ішінде Комиссиямен 70 жоспарлы мәселе, сондай-ақ балалардың бос уақытын ұйымдастыру мен жұмыспен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру мәселелері    қаралды. Комиссия отырыстарында қаланың мектептері мен колледждері директорларының кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбиелеу-алдын алу жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

2015 жылы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес профилактика жүйесі мекемелері- субъектілерінің  Қазақстан Республикасының « Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын іске асыру бойынша қызметі тексерілді.

Қаланың барлық мектептерінде «Қауіп тобындағы, мектепішілік, қаланың ІІБ ҚЮП есепте тұрған кәмелетке толмағандармен, жеке профилактикалық жұмыстар, соның ішінде олардың бос уақытын ұйымдастыру мен жұмыспен қамту жолдары арқылы»  мәселесіне тексеріс жүргізілді.

Қаланың № 5 және № 9 мектептерінде, №3, №13 бөбектер бақшасында «Мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған балалардың, туберкулезбен ауыратындармен байланысы бар және тубвиражды балаларды оқытудың шарттары мен денсаулықтарын сақтау» мәселелері бойынша тексерістер жүргізілді.

Тәрбиеленушілерді «Үміт» балалар үйі, Жасөспірімдер үйі, «Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер баспанасы» ММ –де тәрбиелеу, оқыту, күтіп-ұстау жағдайларына бақылау жүргізу мақсатында  тексерістер жүргізілді.

Комиссия мүшелері аттракциондардың, балалар алаңқайлары жабдықтарының  ақаусыз және қауіпсіздігін зерделеу мақсатында «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағына, Екібастұз қаласында орналасқан балалар алаңқайларына барды.Тексеріс нәтижелері Комиссия отырыстарында талқыланды. Олардың қорытындысы бойынша мекемелердің басшыларына одан әрі жұмыста оларға жол бермеу мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою туралы тапсырмалар берілді.  Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар мен тексерістердің қорытындысы бойынша  Комиссия мүшелері берген  ұсынымдарды орындау жөніндегі басшылардың есептері  Комиссия отырыстарында тыңдалды.

Сондай-ақ, Комиссия мүшелері мәдениет мекемелерінде, соның  ішінде қаланың кітапханаларында кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерлері бойынша  бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелерін зерделеу тұрғысында болды.

Қаланың балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мәселелері бойынша барды.

Қаланың білім бөлімінің құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі қалалық Кеңесінің, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен оқу сабақтарын жүйелі түрде босататын  оқушылары  және құқық  бұзушылықтарға бейім балалары бар қаланың  мектептер мен колледждерінің   жұмысы жөніндегі Кеңесінің жұмысы зерделенді.    

Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың  тұрғылықты  жерлеріндегі балалар –жасөспірімдер  клубтарының қызметіне тексеріс жүргізілді.

Мектеп жанындағы  жазғы және қала сыртындағы лагерлердің жұмысын тексеру үшін барды.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыз және  панасыз қалуының, олардың құқықтарын қорғаудың жағдайын зерделеу мақстаныда 2015 жылғы  қарашада  қала мектептері мен колледждері оқушыларының арасында иесі бүркемеленген сауалнама жүргізілді.

Сауалнама Екібастұз өңіріндегі мектептердің 8-11 сыныптары оқушыларының арасында жүргізілді, оған 2998 оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 67% қатысты.

Сондай-ақ, сауалнама  қала колледждерінің   542 оқушысының немесе оқушылардың жалпы санынан (3057)  17,7% арасында өткізілді.

Өткізілген сауалнаманың нәтижесі Комиссияның кезекті отырысында талқыланды, сондай-ақ білім беру ұйымдарының назарына жеткізілді.

Балалар үшін және балалармен Екібастұз қаласында «Балаға мейірімді қала» ЮНИСЕФ бастамасы жұмыс істей бастады. Бұл балалардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға және ол беретін мүмкіндіктер мен басымдықтарды  барынша пайдалануға көмектесетін құрал болып отыр.

Екібастұз қаласы бастамаға 5 жыл бұрын  қосылды.

Бастаманы іске асыруға  бағытталған жұмысты үйлестіру үшін  «Балаға мейірімді қала» үйлестіру кеңесі құрылды.

Кеңес құрамына  барлық мүдделі құрылымдар мен ведомствалардың өкілдері, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттары, баспасөз және үкіметтік емес ұйымдар кірді.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия Үйлестіру кеңесімен бірлесіп «Балаға мейірімді қала» республикалық жобасын іске асыруда.

2015 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы ҮЕҰ кеңесінің бірлескен кеңейтілген  отырысында Екібастұз қаласы «Екібастұз- балаға мейірімді қала!» атағын алды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының  17 қаласы мен 4 ауданының ішінде атақты тек 3 қала: Астана, Екібастұз, Қызылорда  алғанын атап өткен жөн.

Комиссия балалардың құқықтарын қорғау саласында, төрағасы комиссия мүшесі болып табылатын «Екібастұз» балалар қоғамдық қорымен, сондай-ақ «Қайырымдылық» қоғамдық қорымен (өмірлік  қиын жағдайға  тап болған балаларға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету) тығыз байланыс орнатқан.

Балаларға қатыгездік таныту фактілеріне жол бермеу әрі оларды дер кезінде анықтау мақсатында өмірлік қиын жағдайға  тап болған және қолайсыз отбасыларындағы балалармен профилактикалық жұмыстардың ведомствоаралық жоспары әзірленді.

Қаланың 3 емханасымен бірлесіп қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 3 жасқа дейінгі балаларды есепке алудың бірыңғай ақпараттық базасы құрылды.Бұл отбасыларға кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия құрған  жұмыс топтары тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру мен нақты мәселелерді анықтау үшін барды.

Қалалық перзентхана қамқоршылық және қорғаншылық органына қолайсыз отбасыларында туған нәрестелер туралы мәліметтерді тұрақты негізде ұсынып отырады, оларды бірден қамқоршылық және қорғаншылық органына есепке қояды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында өмірлік қиын жағдайға  тап болған, әлеуметтік қолайсыз отбасыларындағы және ата-анасы алкоголь ішімдіктерін асыра пайдаланатын, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту мен күтіп –ұстау бойынша өз міндетін атқарудан жалтарған, немесе олардың мінез –құлықтарына теріс әсер ететін балаларды  нақты анықтау мақсатында, оқумен қамтылмаған  мектеп жасындағы балаларды есепке қою үшін Комиссиямен ІІБ ҚЮП, қаланың білім бөлімі қызметкерлерінен, Комиссия мүшелерінен, басшылар мен білім беру мекемелерінің педагогтерінен 23 жұмылдыру  топтары құрылды.

Аталған жұмылдыру топтарының мүшелері қала, ауылдық округтер мектептері шағын учаскелерінің әр ауласын аралады. Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан отбасыларда болды.Қолайсыз отбасыларындағы және өмірлік қиын жағдайға  тап болған балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік және психологиялық  көмек көрсетілді.

 Қолайсыз отбасыларында тұратын балалардың деректер қоры жасалған.

Бұндай 167 отбасы анықталған, оларда 230 бала тұрады.

2015 жылдың ішінде жұмылдыру топтары қаланың 7 ауылдық округінде  және 2 кентінде  өмірлік қиын жағдайға  тап болған балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында кесте бойынша әр ауланы аралады.

Комиссияның 2015 жылғы жұмысының қорытындысы:

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссияның жүргізген жұмысының нәтижесінде  2015 жылдың 12 айының  қорытындысы бойынша Екібастұз өңірінің аумағында   қылмыс саны 2014 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда 31,8% (58-ден 44-ке дейін) төмендеген .

ІІБ есепте тұрған жасөспірімдердің саны 9,6 % кеміген (146-дан 132-ге).

Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.