Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында облыстық соттың судьясы-куратор әкімшілік соттың судьялары мен мамандарымен кездесу өтті

Павлодар облыстық сотының судья-кураторы Г.Сағиденовтың Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының  судьялары және мамандарымен заңнаманы қолдану және тәжірибелік көмек көрсету және сот жұмысын ұйымдастыру мақсатымен кездесу өтті.

Куратор Г.Сағиденов алдағы уақытта өтетін сайлау бойынша ақпарат беріп, сайлау алдындағы сатылардың барлығында және сайлау өту мерзімінде азаматтар өз құқықтарын сот арқылы қорғауға құқтары бар екенін белгілеп өтті.

Іс-шара барысында сот төрағасы Ғ.Қалдаров 2015 жылдың сот жұмысы жөнінде баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін өткен 2014 жылмен салыстыра отырып баяндады.

Сот кураторымен судьялар мен сот қызметкерлері кезекшілік кестесін сақтау және демалыс күндері жұмысты ұйымдастыру бойынша шаралар қолдану туралы ұсынымдар берілді.

Г.Сағиденов сайлаудың дайындық және өткізу кезеңдерінде туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге және сайлау құқықтарын қорғауға байланысты істер мен арыздарды мерзімінде дұрыс қаралуын тапсырды.

 

Екібастұз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі