Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ҚазАгро» холдингінің 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруы және Қазақстанның ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін несие ресурстарына қол жетімділікті кеңейту мәселелері

Холдингпен 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені (АӨК) саласын қаржыландыруға 317 млрд. теңге бағытталды. Осы қаражаттың 64 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылай сауықтыруға жұмсалды. Бұл шамамен  2 млн. гектар егістік алаңының айналымын және 8 мыңға жуық өндірістегі жұмыс орындарын сақтап қалуға ықпал етті.  Осы ретте, қаржылай сауықтыруға қол жеткізген АӨК субъектілерінің қаржылық жүктемесі айыппұлдар мен өсімақыларын шығысқа шығару есебінен 1,8 млрд.теңгеден астамға төмендеді.

Өткен жылы қаражаттың көп бөлігі  Холдингпен  несиелеу мен лизингке бағытталды. Шамамен 15,5 мың несие берілді,  4 мың бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы сатып алынып лизингке берілді. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 57 мыңнан астам аналық ІҚМ басын сатып алу қаржыландырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) несие қоржынындағы Холдингтің үлесі 43%-ды құрады, осы ретте 49 мың қарыз алушы Холдингтің клиенттері болып табылады.

Холдингпен аграрлық секторды несиелеудің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 88%-ды құрады.

Әрбір 5 бірлік ауылшаруашылық техникасының 4-еуі (нарықтағы үлесі 78%), және  әр 10 шағын несиенің 9-ы (нарықтағы үлесі 94%) ҚазАгроның құрылымдары арқылы ресімделеді. Қазақстандағы бидайдың әрбір екінші тоннасы 2015 жылы Холдингтің қаржы қаражатын пайдалану еесбінен өсірілді.

Холдинг компаниясы тобымен жүзеге асырылатын бағдарламалардың есебінен 29 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды және жаңа жұмыс орындары ашылды.

2015 жылы егін егу және жинау науқанына бюджеттік несиені қоса есептегенде Холдингпен 101,2 млрд.теңге бағытталды – бұл жалпы 6,5 млн.га алаңда барлық қажет агротехникалық шараларды жүргізуге мүмкіндік берді (бұл 2014 жылғы көрсеткіштен  20%-ға артық -5,4 га)

КЕЖ қаржыландыру.

Биылғы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражаты берілді, оны қарыз түрінде Холдингтің еншілес ұйымдары мен банктердің арасында бөлу болжануда. Бұл схема қаржыландыру каналдарына қол жетімділікті кеңейтуге бағытталған және ол Холдингпен үшінші жыл қолданылып отыр.

Холдингтің АӨК несиелеудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі қызметі Банктерді, несие серіктестіктерін, лизинг компанияларын және АӨК несиелеуші басқа да қаржы ұйымдарын қорландыру, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру деңгейін арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Осылайша, фермерлер бірнеше қаржыландыру құралдарын пайдалана алады. 

Бірінші – екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу. Бұл жағдайда, АШТӨ банктің рейтингісіне қатысты 7,41% ставка бойынша несие қаражатын алады. Аталған құрал үшінші жыл қатарынан іске асырылуда.

Екінші – Холдингтің еншілес компаниясы – Агралық несие корпорациясының аймақтардағы өкілдіктері арқылы тікелей екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кепілдігімен несиелеу. Бұл жағдайда фермерлер үшін соңғы ставка жылдық 5%-ды құрайды. 

Сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша аграрлар несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдары жүйесі арқылы несие ала алады. Осы жағдайда соңғы қарыз алушы үшін ставка 9 %-ды құрайды.

Қаржыландырудың басқа құралы – Корпорация арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен бидай мен арпаны форвардтық сатып алу. Қаржыландыру 1 гектарға 6 мың теңгеге дейінгі есеппен жүзеге асырылады – Азық-түлік корпорациясының комиссиясы алдын ала төлемнің  5%-ы.

Сонымен бірге, егін егуге және жинау жұмыстарына қажет ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін ҚазАгроҚаржымен лизинг бағдарламасы жүзеге асырылады.  

Жоғарыда атап өтілген құралдардан басқа, Холдинг шағын және орташа агроқұрылымдарға аймақтық астық кооперативтеріне бірігуді және ЕДБ арқылы Азық-түлік корпорациясының астықты кепілдікпен сатып алу шартымен несие қаражаттарын алуды ұсынады. 

Бұл Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында кооперативтердің рөлін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Холдингпен іске асырылатын жаңа өнім.

2015 жылы Холдингтің қолдауымен Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 3 Бірлестік құрылды, оның құрамына 108 қатысушы кіреді, оларды қаржыландыру сомасы 2,6 млрд. теңгені құрады, 220 мың гектардан астам алаң қамтылды. Жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырылған егістік алаңынан  203 мың тонна астық жиналды.

«ҚазАгро» осындай кооперативтерді басқа өңірлерде де құру бойынша жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта негізгі астық егумен айналысатын өңірлердің (СҚО, ШҚО, Қостанай, Ақмола және  Павлодар облыстары), ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесулер өткізілді, онда 2016 жылғы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру механизмдері түсіндірілді және аймақтарда кооперативтер құрудың келешегі сөз болды. Кезекте Қарағанды облыстары тұр.

Кооператив шаруашылықтардың кепілзаттық базасының жетіспеушілігі проблемаларын оны «Азық-түлік корпорациясы» АҚ алдағы өнімнің астығын сатып алу кепілдігімен екінші деңгейлі банктердің несиелеуі арқылы  шешу үшін құрылған.

Ауылшаруашылық кооперативтерінің қатысушылары:

- кооперациялар мен ортақ жауапкершілік  принциптерінде кооперативтерге біріктірілген фермерлер;

- Азық-түлік корпорациясы, ол кооперативпен бидайдың белгілі бір көлемін ең төменгі тиянақталған баға бойынша сатып алудың үш жылдық шартын жасайды;

- Көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру үшін кооперативтерге қаржыландыру беретін Банк,

-   Банкке қорландыру беретін Холдинг.

Аталған схема кооперативтердің қатысушыларына қаржыландырумен, ауылшаруашылық техникасына қызмет көрсету, тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) жеткізуді, өнімдерді өткізу мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

 

 

«ҚазАгро» ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі