Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пешті пайдалануда өрт қауіпсіздік іс-шараларын қолдану

Тұрғын секторларда өрттердің болу себебі, көбінесе пештің түтін мұражалардың  дұрыс құрылмауынан, немесе оларды пайдалануда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамауынан  жие кездеседі.

Ауа райының суық кезінде,  пешке от жағудан өрт болудың саны 80 %  жетеді.

 Пешке от жағу кезінде өрт болудың  негізгі себептері мыналар:

- өрт қауіпсіздік ережесі талаптарына сай емес,  құрылған пештер мен түтін мұражалардың қалауы тығыз болмағандықтан, олардың арасынан  жалындар, угарлы газдар және де ошақтардың ұшуынан, мекемелердің тез жанатын  ағаш құрылыстарының жануына тікелей ықпал етеді.

- мекемелердің құрылыстары, пештердің мұражаларына жақын орналасқанынан  да  өрттер шығуы мүмкін.

- жөнделмеген жағдайда тұрған ыстық пештердің бөліктері тез арада жанатын заттарға ( жиһаздар, киімдер,) және де материалдарға (ағаштар, т.б. тез жанғыш материалдар)  жақын орналасқан болса, өрттердің болуына септігін тигізеді.

- пеш жағудан шыққан өрттің жандыру көзі болып, жанып жатқан отын немесе қаракүйенің жалыны, ұшқындар бықсып жатқан жерлерді өрт болуы мүмкін.

 Осыған мысал келтірсек :

- 2016 жылдың 09 қаңтар күні сағат 19.12 минутта, Екібастұз қаласы Западная көшесі, 49-үйге қосымша құрылған шпалдық қабырғасы жанған.   Өрттің себебі- пешке от жағуда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан.

- 2016 жылдың 24 қаңтар күні сағат 22.10 минутта, Екібастұз қаласы Западная, 44 «а» көшесінде, моншаның төбесі жанған.  Өрттің себебі- пешке от жағуда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан.

Осыған байланысты пешке от жағуда міндетті түрде өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Жылу беру маусымының басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, пештермен түтін мұржаларын жөндеп, жарық жерлерін жабу қажет, сонымен бірге пештің әрқайсысын, және  мемекенің қабырғаларында орналасқан түтін мұражаларының каналдарын  тазалау қажет, төбе шатырдағы түтін мұражайды әктеп немесе сазбен балшықтау қажет, өйткені  әктелген түтін мұражалардан жарық-тесіктерді көруге болады.

Пешті тек қана ересек адамдар жағу керек, жанып жатқан пешті, балалардын қарауына тапсыруға болмайды және де пешті жеңіл от алғыш заттармен тұтатуы   тыйым салынады.

Құрметті қала тұрғындар, пештердің түтін шығару жүйесі мен пешке қызмет көрсету тәртібінің болмауынан және де оларды пайдалану ережелерін бұзылуынан, зардаптар көрмеу үшін өрт қауіпсіздік шараларын сақтау жайлы ойлаңыздар!

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының сенім телефоны 34-03-67 және де Павлодар облысы төтенше жағдайлар кадр жұмысы бөлімінің 8-7182-56-46-81, 8-7182-56-68-81 сенім телефон нөмірлері арқылы, Сіздер қызметкерлеріміздің заңсыз іс-әрекеттерін хабарлауларыңызға болады.

                                                                         

Екібастұз қ, ТЖБ МӨҚБ аға инженері

азаматтық қорғау майоры Рогожина Е.С.