kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Шығыс» кенішінің өнімділігін жаңа техника арттырады

Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің техникалық паркі МПЛ-150М1У жаңа сынамалы өңдеу машинасымен толықты.

Бұл механизм көмірді ұсақтап, оның сынамасын дайындау үшін  зертханада сапасын анықтауға арналған. Техниканың өнімділігі – сағатына 2,2 тонна.

Сынамалы өңдеу машинасы қатты отын материалдарын ұсақтағаннан кейін зертханаға берілген фракция көлемі шамамен 3 мм құрайды. Сонымен қатар шикізаттың бастапқы көлемі  150 мм құрауы қажет және шамамен ылғалдылық көрсеткіші -18 пайыз болуы тиісті.

МПЛ-150М1У ұнтақтағыш балғадан, өте берік болаттан жасалған балға және желтоспа тордан, шөмішті-шынжырлы конвейрден тұрады. Барлық элементтер рамада жинастырылған. Астыңғы жағында үш сынаманы қабылдауыш орнатылған.

Машинаны бөлім жұмыскерлері құрастырды. «Донбас индустриальді компаниясы» («ДИК») жасаған жаңа техниканың құны 5 млн теңгеден астам құрайды. Ол арнайы даярланған үлкен әрі жарық бөлмеде орнатылған.

– Жаңа, заман талабына сай жабдық біздің көмірді ұсақтау кезіндегі уақытымызды үнемдей түсті, осының арқасында өнімділігі артты. Ескі жабдықпен салыстырғанда, көмірді ұсақтау кезіндегі шаң-тозаңның пайда болуы жаңа жабдықтың арқасында азайды, – дейді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің бас геологы Бектас Смаков.

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы өз тарихында тұрақты өндіріс тиімділігін арттыруға талпынып, сол жолда үнемі кәсіпқойлар командасын жасақтаумен келеді. Компанияның басты мақсаты – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әрқашан алға ұмтылу.

 

Елена Гордеева

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза