Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ҚазАгро» ұлттық холдингі мен Павлодар облысының аграрлары егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады

Алдағы көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ облыстың аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар және  ортақ жауапкершілік принциптерінде біріктіру мүмкіндігін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі мен Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері талқылады.  

Шаруашылықтар мен аймақтың агроқұрылымдарынан басқа іс-шараға облыстың әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) өкілдері қатысты.   

Кездесуде атап өтілгендей,  алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудың жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теңгені құрады. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстандағы  барлық бидай  өндірісінің 50% қаржыландырды. Жалпы алаңы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.

 Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кей кезде тіптен болмауы басты себептердің бірі болып табылатынын атап өту қажет, соның салдарынан көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы қаражатын алудың қиындықтарына кездеседі. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларына – нашар техникалық жарақтандырудың және өндірістің шағын тауарлылығының алғышарты болады. «ҚазАгро» холдингінің кооперациялар принципінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы мәселенің шешімі болуы мүмкін.  Оның мәні, шаруалар бірігіп несие қаражаттарын алады, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердің мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

 «ҚазАгро» әзірлеген схема мынадай тәсілдерге негізделген:
1. Бірлестіктер кооперация және ынтымақты жауапкершілік принципінде ұйымдастырылады, олардың қатысушылары алғашқы кезеңде астық өндірушілер болып табылады. Осы ретте кооперация принципі өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және оның қатысушыларының барлығының теңдігі («бір қатысушы – бір дауыс»). Оның қатысушыларының ынтымақты жауапкершілігі оның қатысушыларының Бірлестікке астық жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне таралмайды.

2. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Бірлестікпен тиянақталған бағамен жеткізгеннен кейін төлеу арқылы белгілі бір бидайдың көлемін сатып алу шартын жасайды. Аталған көлем Бірлестіктердің қатысушыларының арасында олардың Бірлестіктен егістік және жинау науқандарына алған қаржы қаражаттарын қайтару бойынша міндеттемелерінің шеңберінде бөлінеді. 

3. Бірлестік дербес заңды тұлға ретінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізу кепілдігімен ЕДБ кепілзатсыз қарыз тартады.  
Қарыз қаражаты Бірлестік мүшелері арасында көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, басымдықты түрде Бірлестікпен орталықтандырып төленген дайын тауарлық-материалдық құндылықтар   түрінде бөлінеді. ТМҚ орталықтандырылған көтерме сатып алу  Бірлестіктің қатысушылары үшін жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

4. Шартта белгіленген бағадан бидайдың нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, Бірлестіктің бидайды көп пайда алу үшін нарықта сатуға  құқығы бар. Егер, нарықтағы баға шарт бойынша белгіленген бағадан түсіп кетсе, онда Бірлестік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізеді.

Бірлестік қызметінің ұсынылған схемасы ҚР АШМ «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның фермерлер одағымен қолдауға ие болды.

 Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарында өткен жылы табысты іске асырылған кооперациялар бойынша пилоттық жобаға Павлодар облысының бірқатар шаруашылықтары да қызығушылық танытқанын атап өту қажет.   Тәжірибені зерттеу мақсатында 2015 жылғы желтоқсан айының басында павлодар аграрларының делегациясы Ақмола облысы кооперативтерінің  - «Аймақтық Астық Холдингі» ЖШС мүшелерінің қорытынды кеңесінің жұмысына қатысты.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Павлодар облысының АӨК қаржыландыруы туралы ақпарат:

2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен Павлодар облысының АӨК қолдауға 11,7 млрд.теңге бағытталды. Бұл республика бойынша холдингпен қаржыландырудың жалпы көлемінің 3,7%-ы (316,8 млрд. теңге). «ҚазАгроның» инвестициялық қоржынында Павлодар облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теңгенің 46 жобасы бар, оның ішіндегі 17 млрд.теңгенің 38 жобасы пайдалануға берілді, 1,5 мың жұмыс орнын құрылды. 2015 жылы жиынтық құны 7,8  млрд. теңгенің  10 жобасы іске қосылды және 567 жұмыс орны құрылды. 

Жалпы Қазақстанның АӨК бойынша Холдингтің инвестициялық қоржынында бүгінгі күні жалпы құны 320,4 млрд.теңгенің 528 инвестициялық жобасы бар және пайдалануға беру кезеңінде 16,0 мың жұмыс орны құрылған.

Жалпы құны 262,3  млрд. теңгенің 453 инвестициялық жобасы қаржыландырылып және пайдалануға берілді, 14,0 мың жұмыс орны құрылды. 

2015 жылы Холдинг компанияларымен облыста 1 млрд.теңгеден асатын сомаға 12 Несие серіктестіктері (НС) қаржыландырылды. Жалпы, республика бойынша осы кезең ішінде 20,1 млрд.теңге сомасына 137 НС қаржыландырылды.

Өткен жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдау шеңберінде Павлодар облысы бойынша 1,5 млрд.теңге сомасына 200 өтінім қаржыландырылды  (ҚР бойынша барлығы –68 млрд. теңгеге 3248 өтінім). 4,3 млрд. теңге сомасына 390 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасалды  (ҚР бойынша барлығы – 57,5 млрд. теңге сомасына 4195 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техника мен жабдықтар).

 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

 

 «ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі