Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2016 жылғы қантар айындағы жұмысы туралы

2016 жылдың қантар айында қала әкімінің орынбасары М.Д.Адасбаеваның төрағалығымен Комиссияның 2 отырысы өтті.

2016 жылғы арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қарастырылды:

. Зорлық-зомбылық әрекеттерін басынан өткерген, соның ішінде жүкті кәмелетке толмағандардың МПКК(медициналық,психологиялық және консультативтік  көмек) қызмет көрсететін ұйымдарда бақылануын қамтамасыз ету;

- Барлық мүдделі органдардың қатысуымен жаппай оқыту бойынша айлық өткізу мен «Қамқорлық» акциясын өткізу жұмыс жоспарын  талқылау;

-  Екібастұз ИНЕУ колледжі мен Екібастұз медициналық колледжінде ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы мен  балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру туралы;

- Қала мен ауылдық аймақтардағы дене шынықтыру спорттық бағыттағы  секциялар мен үйірмелер жұмысының тиімділігі туралы;

- Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі мен Екібастұз гуманитарлық-техникалық  колледжінде ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы мен  балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру туралы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тұрақты тапсырмалар мен келісімдер берілді.

Кәмелетке толмағандар бойынша 11 жеке іс қарастырылды:

-         бір кәмелетке толмағанды үйде оқу түріне ауыстыру;

-         қылмыс жасаған 5 кәмелетке толмағандар бойынша;

-         екі кәмелетке толмағанды кешкі оқу түріне ауыстыру;

-         оқудан қалу және үйден кетіп қалу 2 кәмелетке толмаған бойынша;

-         девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттан  келген кәмелетке толмағанның  ары қарай өмірін және мінез-құлқын бақылауы туралы.