Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Суға шомылу кезеңі 1-ші маусымнан басталады

Су қоймаларында адамдар балық аулап, суға түсіп дем алады, өкінішке орай ол жерлерде жыл сайын суға кететіндерде аз емес.

         Әсіресе, қалаға жақын жерде орналасқан Қаныш Сәтпаев атындағы каналы қызықтырады, ол жерде шомылуға тыйым салынған, өйткені ол ауыз суға арналған нысан. Канал бойынша су насосты агрегаттарға беріледі, агрегаттардың жұмысы кезінде су астында қатты ағым пайда болып, адамды су астына тез арада тартып әкетеді.      

1 маусымнан бастап суға шомылу кезеңі басталады.

         Өзіндік заңдылықтар мен қауіпсіздік ережелерін сақтамағанға су апаты қатал екенін ұмытпаңыздар.  

Суда сақтық ережелерін естеріңізге саламыз:

         -  жабдықталған су қоймаларында шомылу керек ;

         - суда малту білмесеңіз, суға жиектен алыс баруға болмайды;

         - таныс емес жерде сүңгуге болмайды, өйткені су түбінде қатты тастар, темір ерсектер, өткір заттар жатуы мүмкін;

         - малту білмейтіндерге белгіленген жерден ары қарай шығуға болмайды;

         - отбасы мүшелерін малтуға үйретіңіз;

         - тыйым салынған жерлерде шомылмаңыздар;

         - мас күйде суға түспеңіздер;

         - суға барарда өзіңізбен бірге әрқашан құтқару құралдарын ала жүріңіз (резеңкелі, үрлемелі дөңгелек, көкірекше).

         Балалар жасанды салмен, үрлемелі, резеңкелі дөңгелекпен, көрпешемен жүзгенді ұнатады. Бұл өте қауіпті.

         Қайықпен жүзген кезде, қайық ішінде алысуға, оны тербеуге, тұрып орын ауыстыруға, қайық сыртына шалқаюға болмайды.

         Суда бірін бірін су астына батырып ойнауға болмайды, адам шашалып, оның соңы сәтсіз жағдаймен аяқталуы мүмкін.

         Балалар ешқашан су маңында үлкендердің қарауынсыз қалмау керек.

Құрметті қала тұрғындары!

Суда абай болыңыздар! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз  өздеріңізге  ғана байланысты.

 

                                  М. Хамитова, ТЖ басқармасының бас маманы