kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала әкімі қала құраушы кәсіпорындарда есеп берді

        26 және 27 ақпанда қала әкімі «Восточный» кенішінің, «Богатырь Көмір» және «МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмыскерлері алдында есеп берді.

Екібастұз өңірінің 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштеріне тоқталған қала басшысы мәдениет, спорт, денсаулық  сақтау, ауыл шаруашылығы салалары бойынша тындырылған істерді тілге тиек еткен ол өңірімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың барысын айрықша атап айтты.

- Өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 15,5 пайызға төмен. Осы көрсеткішке аталған нарық қызметінде тұтынушылардың болмауына байланысты, көмір шығару мен электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуі әсер етті. Жалпы көмір жеткізу мен электр қуатын өндірудің азаюы ірі қала құраушы кәсіпорындарға қызмет көрсететін қайта өңдеу өнеркәсібіндегі қосалқы өндірістің жұмыстары мен қызмет көлемінің төмендеуіне әкеп соқты, - деді А. Вербняк.  

Есептен кейін қаланы абаттандыру және әлеуметтік салаға байланысты мәселелер қозғалды. Түскен ұсыныс-тілектердің біразына сол жерде түсініктеме берілсе, бірқатары бақылауға алынды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза