Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті Екібастұз қаласының және ауыл аймақтарының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Генерал прокуратурасының арнайы есебімен құқық статистика жөнінде Комитетінің сайтында, Сіздерге әкімшілік айыппұл бойынша және оған қатысты қарыздар бар ма екендігі жайлы ақпарат алуыңызға болады, сонымен қатар бұл жөнінде айыппұлдарды төлеу уақытының тәртібін анықтап алуыңызға мүмкіншілігіңіз бар.

Бұл үшін htt//service.pravstat-kz. пошта арқылы өтіп, «Сведения о штрафах»  терезесін таңдап, өзіңіздің жеке ЖИН-мен, жеке куәлік құжатының нөмірін толтыру қажет.

Осыдан орталықтандырылған Комитетінің деректер базасында Сізге қатысты  әкімшілік айыппұл жайындағы деректер экранда көрінеді.Сол жерде Сіз «оплатить»  терезесін басып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық порталының төлеу шлюзіне өтіп, екінші деңгейлік банктің төлеу картасымен төлем жасап аяқтай аласыз.

Айыппұлды осы жолмен төлеу туралы ақпарат,  автоматты  түрде тез арада орталықтандырылған Комитетінің деректер базасына  түседі.

Егерде Сіз, шұғыл түрде өз жайындағы әкімшілік айыппұлдарды білігіңіз келсе, онда бұл сайтта өзіңіздің ұялы телефон нөміріңізбен электронды поштаңызды көрсетуіңізге болады. Орталықтандырылған Комитетінің деректер базасына айыппұл жайында ақпарат түскеннен кейін хабарлама түседі.

Егерде сайтта, әкімшілік айыппұлды төленген жайлы ақпарат шықса, бұл жөнінде Сіздерге Қазақстан Республикасы Генерал прокуратурасының арнайы есебі және құқық статистика жөнінде Комитет басқармасына жолуғуыңызды сұраймыз.

 

 

               Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы