Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ҚазАгро» ұлттық холдингі банктерді 2016 жылдың егістік науқанын қаржыландыруға тартады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 2016 жылдың егістік науқанына дайындықты бастады. Алдағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтің негізгі міндеті – несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүмкіндіктерін барынша кеңейту.  Осы мақсатпен «ҚазАгро» екінші деңгейлі 11 банктің өкілдерімен кездесу өткізді,  оның барысында банктердің кеңейтілген филиалдары желісін пайдалану арқылы республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын қаржыландыру мәселелері талқыланды. Әңгіменің жеке тақырыбы, АӨК құрылатын кооперативтік қозғалысты қолдауға ЕДБ-дің көптеп қатысу мүмкіндігі болды. Кездесу Алматы қаласындағы Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы алаңында өтті.  

Мәлімет үшін, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудың жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теңгені құрады. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстандағы  барлық бидай  өндірісінің 50% қаржыландырды. Жалпы алаңы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.

Банктердің өкілдерімен кездесуде «ҚазАгро» холдингі астық өндірушілері бірлестігінің қызметі мен қаржыландыру механизмін таныстырды және ЕДБ жаңа клиенттер нарығын – ауылшаруашылық кооперативтерін құру процессіне белсенді қатысды ұсынды.   2015 жылы Ұлттық холдинг кооперациялар негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске асырғанын еске саламыз.  «ҚазАгроның» бастамасы 100-ден астам шағын және орта шаруашылықтарға дем берді, олар өткен егістік науқанының алдында СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында - үш аймақтық кооперативтердің айналасында бірікті.  Жобаны іске асыру ЕДБ қатысуымен жүзеге асырылды және, қаржы институттарының өкілдерінің айтуынша, табысты аяқталды. 

Жиында «ҚазАгро» өкілдері атап өткендей, мемлекет ауылшаруашылық кооперацияларын дамытуға барынша қызығушылық танытуда.  2016 жылдан бастап, кедергілерді алып тастайтын және кооперацияларды ынталандыратын жаңа заң күшіне енді.

Кездесу нәтижесінде банктер Ұлттық холдингтің бастамалары мен ұсыныстарына қызығушылық танытқанын айтты.  Егістік науқанының белсенді фазасы басталғанға дейін «ҚазАгро» холдингімен өңірлерде көшпелі жиындар өткізуді жоспарлаған, онда даму институтының өкілдері фермерлерге КЕЖ қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы айтып береді және аймақтық астық кооперативтерін құру тәжірибесімен бөліседі. Осы кеңестердің жұмысына ЕДБ аймақтағы филиалдарының басшылары да қатысады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық  компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі