Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің Құдайкөл және Теміржол ауылдық округтеріндегі есеп беру кездесулері

21 қаңтарда Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Құдайкөл және Теміржол ауылдық округтерінде есеп беру кездесулерін өткізді.

        Қала басшысы ҰБТ-да үздік нәтиже көрсеткен мектептерді атады. Олар:

115 ұпай алған Өлеңті орта м ектебі (2014 ж. – 60,5), Ақкөл – 86,5 (2014 ж.- 58), Қарасу – 85,00 (2014 ж. – 58), Майқайың – 80,00 (2014 ж. – 72).

- 2013 жылдан бері Майқайың мектебі алдыңғылар қатарында жүргенін айта кеткен жөн.   Өкінішке орай, соңғы үш жыл ішінде Төрт-Құдық, Екібастұз және Құдайкөл мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткішінің төмендеу қарқыны байқалады, - деді А. Вербняк және қала әкімінің орынбасары Мәриям Адасбаеваға мен білім бөлімінің басшысы  Нұржаимал Макумоваға оқу үдерісін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөліп, ауылдық аймақ оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмысын жандандыруды тапсырды.   

         2015 жылы ауылдық мектеп оқушыларының ҰБТ орташа балы 76,03 (2014 жылы – 68,85) құрады. Өлеңті мектебінің түлегі «Алтын белгі» белгісін  иеленді.