Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің Төрт-Құдық ауылдық округі мен Шідерті кентіндегі есеп беру кездесулері

        20 қаңтарда Екібастұз қаласының басшысы Александр Вербняк Төрт-Құдық ауылдық округі мен Шідерті кентінде есеп берді.

        - Ауылдық жерде шағын және орта бизнеспен қатар ірі кәсіпорындар да даму үстінде. Осылайша, 2015 жылдың желтоқсан айында Төрт-Құдық ауылында Бозшакөл КБК сульфидті кен байыту фабрикасы іске қосылды, жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна мыс қоспасын шығару. Пайдалану барысында 1500-ден астам жұмыс орны құрылатын болады. 2015 жылы Төрт-Құдық ауылындағы «Нитро Сибирь Казахстан» ЖШС-не жарылғыш заттарды өндіру бойынша зауыт құрылысы үшін жер телімі бөлінді, ол жерде 100-ден аса жұмыс орнын құру жоспарда, -деді қала әкімі.

        Аймақ басшысының баяндамасы бойынша ауыл жолдарын жөндеу және баланы балабақшаға орналастыру жөнінде екі сауал қойылып, оларға сол жерде түсінік берілді.