Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Екібастұз ауылдық округінде есеп берді

Сейсенбі күні, 19 қаңтарда, қала басшысы Екібастұз ауылдық округ тұрғындарының алдында есеп берді, онда 62 адам қатысты.

Александр Вербняк өткен жылы өңір аумағында мал ұрлаумен байланысты қылмыс  әлі де орын алуда екенін сөз етті.

2014 жылмен салыстырғанда Екібастұз, Қоянды ауылдық округтерінде және Шиқылдақ ауылында қылмыс саны өскен.

- 90 % мал ұрлығы жайылым аумағында және қараусыз жайылған жерде жасалады. Азаматтардың құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінбеуі, ауыл шаруашылық малының ұрланған күні мен жері туралы мәліметтің жоқтығы осы қылмысты ашуда өзекті болып отыр. Енді, мал іздеумен байланысты барлық шығынды мал иесі өзі көтеретінін айта кеткен жөн, - деді қала әкімі.

2015 жылы 43 қылмыс жасалған, 2014 жылмен салыстырғанда 32 %-ға аз. Дегенмен де, 2015 жылы 307 бас мал ұрланған, яғни 2014 жылға қарағанда 42 бас малға көп екен.