kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласының әкімі Ақкөл және Байет ауылдық округтеріндегі есеп беру кездесулері

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Ақкөл және Байет ауылдық округтерінде есеп беру кездесулерін өткізді.

Аталмыш есеп беру кездесуінің жұмысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

- Егу жұмыстары, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын диагностикалау, аллергияға, бактерияға толық зерттеу жұмыстары дер кезінде орындалды. 2015 жылы 42 888 бас ірі қара мал бруцеллезге тексерілді, 239 бас ауру мал анықталды. Бруцеллезге шалдыққан ІҚМ басым бөлігі Ә. Марғұлан атындағы ауылда – 61 бас,  Зеленая рощада – 45 бас,  Ақкөлде – 23 бас, Тай және Көксиыр ауылдарында  19 бастан анықталды. 2015 жылы зерттелген ұсақ мал саны - 59800 бас, ауру мал анықталған жоқ, - деді өз есебінде қала басшысы.

Бруцеллезбен ауырған малдың құнын қайтару үшін 2015 жылы  бюджеттен 7,4 млн. теңге бөлінген, ауру малдың құнынан 50% көлеміндегі қалған бөлігін ет өңдеу комбинаты қайтарған. 2016 жылға 6,0 млн. теңгеден аса қаражат қарастырылған.

Мал сою тұрғысында санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды орындау шеңберінде өңірдің ауылдық аймағында 10 қасапхана жұмыс істейді.

Жалпы 165 адам қатысып, Байет ауылындағы ауыларалық жолдарды ағымды жөндеу және ет тапсыру тұрғыдағы сұрақтар қойылды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза