Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Отын беру кешенін қайта жаңғырту және модернизациялау. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы»

«Отын беру кешенін қайта жаңғырту және модернизациялау. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы» жобасына қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін бағалау нәтижелері бойынша өткізілген

қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

 

Өткізілген күні: 2016 жылдың 29 қаңтары, сағат 11:30  

Өткізілген орны: Екібастұз қ., «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.  

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС.  

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі жөніндегі мәліметтер жұртшылықтың назарына келесідей ақпарат құралдары арқылы ұсынылды: қоғамдық тыңдаулардың күні мен өткізілу орны, сонымен бірге ОВОС және жобаның материалдарына сұраныс беруге болатын электрондық мекен-жайын көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде «Екібастұз дауысы» қалалық газетінің 08.01.2016ж. № 1 (3115) санында және Екібастұз  қ. әкімдігі ресми сайтының ғаламтор ресурсында хабарлама жарияланды www.ekibastuz.gov.kz .

Қатысқандар:

- «Экологический центр-PV» ЖШС өкілдері: Бузько Г.В., Короткова Ю.В.;

- «КФ КОТЭС» ЖШС жобаның бас инженері - Осипов В.Г.;

- ҚР КЭРК МОСВР Павлодар облысы бойынша экология Департаментінің РМБ мемлекеттік инспекторы  Сүлейменов С.С.;

- ММ «ТКШ бөлімінің» өкілі  - Ахметова М.

- Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері - Садықов С.С.,

Макашев Б.А.

 

Барлық қатысқандар  – 21 адам (1 қосымша)

 

 

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

  1. Отын беру өндірістік кешенін реконструкциялау және модернизациялау мен отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы жобасының шешімдері бойынша бааяндама – 10 мин;
  2. «Отын беру кешенін реконструкциялау және модернизациялау. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы» жобасына қоршаған ортаға тигізер әсерлерін бағалау материалдары бойынша баяндама  – 20 мин.
    1. Жобаны талқылау, баяндамашыларға сұрақтар, сұрақтарға жауап беру – әрбір

талқылауға 5 минуттан. 

 

Сөз сөйлегендер:

  1.  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің жалпыстанциялық жабдықтары мен отын беру бойынша жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу бөлімінің бастығы У-Дын-Жин В.В., қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға сәлем берді. Қоғамдық тыңдауларды бастау үшін  жергілікті атқарушы орган «ТКШ бөлімі» ММ өкілі – М.Ахметоваға сөз берді.   
  2. Ахметова М.. күн тәртібін жариялап, сөз сөйлеу тәртібін талқылауды ұсынды. Қоғамдық тыңдаулардың рәсімін сақтау үшін Төраға мен қоғамдық тыңдаулардың хатшысын таңдау қажеттігін хабарлады. Төрағаға «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас инженері - А.С.Черепенин мырзаның, кандидатурасын, ал, хатшылыққа У-Дын-Жин В.В. кандидатуарасын ұсынды.    

 

Қатысушылар арқылы қоғамдық тыңдаулардың  төрағасы мен хатшысының кандидатуралары, күн тәртібі мен регламенті бір ауыздан қабыл алынды.

 

Черепенин А.С.: Баяндама жасау үшін  жобаны әзірлеуші «КФ КОТЭС» ЖШС  В.Г.Осиповке сөз берді.

 

Осипов В.Г.. жобада қарастырылған шешімдер бойынша баяндамасымен сөз сөйледі. 

 

Черепенин А.С.: ОВОС жасаушысының өкілі «Экологический центр-PV» ЖШС-нің бас маманы Ю.В.Коротковаға баяндама жасау үшін сөз берді.   

 

Короткова Ю.В.: «Отын беру кешенін реконструкциялау және модернизациялау мен отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы» жобасына қоршаған ортаға тигізер әсерлерін бағалау жобасы бойынша баяндамасымен сөз сөйледі.  

 

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

 

Сұрақ: Садықов С.С., «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамлдық бірлестігінің өкілі 

  1. «Отын беру трактысы өндірістік кешенін реконструкциялау мен модернизациялау» жобасын әзірлеудің мақсаты 
  2. Жаңа трактыға қандай таспалық конвейерлер қолданылады, ашық немесе жабық түрлері?  
  3. Көмірді бастапқы ұсақтау қандай фракцияға дейін жүргізіледі, тасымалдау трактысы бойынша шаңдану пайда бола ма?
  4. Абаттандыру бойынша іс-шаралар жобасы қарастырылды ма?

 

Жауап: Черепенин А.С., Осипов В.Г., Короткова Ю.В.

  1. Жобаны әзірлеудің мақсаты – энергоблоктардың шикі көмірлерінің бункерлеріне өз уақытында, тоқтаусыз және сенімді отын берумен қамтамасыз ету, жабдықтар жұмыстарының сенімділіктерін арттыру, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС отын беру трактысы өндірістік кешенінің жабдықтарына капиталдық жөндеулерді сапалы орындау үшін жағдайлармен қамтамасыз ету. 
  2. Таспалық конвейерлердің галереясы жабық түрде орындалатын болады.  
  3. Көмірді ұсақтау, оны тасымалдау 25мм. фракциясына дейін жүргізіледі, барлық трактыларда аударуларда тораптардың шаңдануын және таспалық конвейер галереяларының шаңдануын болдырмайтын сорып алу құрылғысын монтаждау қарастырылған.     
  4. Жоба арқылы территорияны абаттандыру, жолдардың құрылысы мен жасыл көшеттерді отырғызу қарастырылуда.  

 

Талқылаудың қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

 

Черепенин А.С..: Қорытынды шығарды және талқыланушы жобаның жүзеге асыру отын беру трактысын модернизациялауға, реверсивтік типтегі конвейерлерді қолдану есебінен барлық энергоблоктарға жаңа енгізуден көмір жеткізуге, электр станциясының қуаттылығын  ұзақ мерзімді азайтусыз қолданыстағы отын беруге әрі қарай капиталдық жөндеулер жүргізуге және сенімділігін арттыруға; пневматикалық тазалау жүйесін қолдану есебінен су ресурстарын пайдалануды азайтуға  мүмкіндіктер беретіндегін хабарлады. 

Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелерінде қарастырылған мерзімдерде хаттама әзірленіп, жергілікті атқару органының Ғаламтор-ресурсында жарияланатындығын хабарлады. www.ekibastuz.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстар 7 күнтізбелік күн ішінде қабылданатын болады. Барлығына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Қоғамдық тыңдауларды өткізілген болып санауды және «Отын беру өндірістік кешенін реконструкциялау және модернизациялау мен отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы» жобасына ұсынылған  ОВОС жобалық шешімін мақұлдауды ұсынды.  

 

 

Қатысушылар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілген болып танылды. 

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

Бас инженер                                                                             Черепенин А.С.

 

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

ОБЖЖ ЖЖСБ бастығы                                                            У-Дын-Жин В.В.                

 

№1 қосымша

 

«Отын беру кешенін қайта жаңғырту және модернизациялау. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің отын беру трактының қосымша трактысы құрылысы» жобасына қоршаған ортаны тигізер әсерлерін бағалау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары.

 

  1. Черепенин А.С. – МАЭС-1 бас инженері;
  2. Наурзгалиев А.А. – Капиталдық құрылыс жөніндегі директор
  3. Серьянов С.Б. – ӨТБ бастығы
  4. У-Дын-Жин В.В. – ЖЖСБ бастығы
  5. Семенов А.В. – ОКЦ-2 бастығы
  6. Короткова Ю.В. – "PV-Экологиялық орталығы" ЖШС бас маманы
  7. Бузько Г.В – "PV-Экологиялық орталығы" ЖШС маманы
  8. Ахметова М.- ММ «ТКШ бөлімінің» өкілі
  9. Осипов В.Г. - ГИП «КФ КОТЭС» ЖШС

10. Садықов С.С. – «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ

11. Мақашев Б.А. – «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ

12. Якушин И.Ю. – «Karaganda BI Energy Plus» ЖШС ТТУ бастығы

13. Екібастұз қ. тұрғыны  Қайралапова Б.А.

14. Екібастұз қ. тұрғыны  Кивоенко Е.В.

15. Екібастұз қ. тұрғыны  Мустазяпов Р.

16. Екібастұз қ. тұрғыны  Аушахманов А.

17. Екібастұз қ. тұрғыны  Шатохин П.

18. Екібастұз қ. тұрғыны  Акимбаева Д.

19. Екібастұз қ. тұрғыны  Колумбаева С.

20. Екібастұз қ. тұрғыны  Фоменко М.

21. Екібастұз қ. тұрғыны  Манн В.