Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2016

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2016» қалалық сайысының ақтық мәресі өтті.

Іріктеу турына қаланың 14 мектебінен 15 мұғалім қатысып, олардың жетеуі екінші кезеңге  өтті. Атап айтқанда: № 7, 9, 21, 22, 23, 24, 35 жалпы білім беретін орта мектептерінің педагогтары.

Байқауға педагогтық тәжірибені жаңа жинап жатқан жастар да,  көп жылғы еңбегімен танылған атақты мұғалімдер де қатысты. Барлық қатысушылар педагогикалық шеберліктерін, сахналық өнерлерін көрсете білді. 

Сайыс қорытындысы бойынша № 22 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Г. А. Салықова бас жүлдеге ие болды.  № 7 мектеп- гимназиясының мұғалімі М.С. Дюсембина бірінші орынды, екінші орынды № 24 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі А. Б. Адамова, үшінші орынды № 35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Л. Флянтикова иеленді.