Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жұмабаева Айжан Хамзақызы 1970 жылдың 15 маусымында Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 1991 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша, 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Краснокутск ауданының аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскер маманы болып бастады.

1995 жылдан 1998 жылдар аралығында Ақтоғай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1998 жылдан Екібастұз қаласында Абай атындағы № 2 орта мектебінде психолог қызметін атқарды.  

2003 жылдан 2012 жылдар аралығында Екібастұз қаласы білім бөлімінің бас маманы, бастығының орынбасары болып қызмет етті.

2012 жылдың 1 ақпанынан  бастап «Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының қызметіне тағайындалды.

 Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141202, , Екібастұз қаласы, Павлодарская көшесі, 10 үй.Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Павлодарская көшесі, 10-үй Республикасы, Павлодар облысы

Ғаламтордағы сайтыcultura-ekb.gov.kz 

Электрондық мекенжайы: kultura2014@bk.ru

Телефоны: 8 (7187) 775777, 741301