kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысының Ә. Марғұлан атындағы және Шиқылдақ ауылдарындағы есеп беру кездесулері

15 қаңтарда қала әкімі Александр Вербняк Ә. Марғұлан атындағы және Шиқылдақ ауылдарында есеп беру кездесулерін өткізді.

         - Ауылдық аймақ тұрғындарының шаруашылық қызметінің негізгі түрі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту болып қала береді. 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 262 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысады. Мал шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының сапасын және өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығына қолдау көрсету, ірі мал азығының құнын және суармалы су беру қызметін арзандату үшін шаруа қожалықтары 267 млн. теңге көлемінде субсидия алды, ол 2014 жылға қарағанда 12 %-ға артық, - деді Екібастұз қаласының басшысы.

Аталмыш кездесулерге 115 адам қатысты. Ауыл көше жарықтандыруының ағымды жөндеуі және балалар ойын алаңқайын қоршау туралы сұрақтар қойылып, олар қала бюджеті нақтылау кезінде қаралатын болады. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза