Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 3 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары 3-б. 20-т. негізінде Құдайкөл ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелді:

            Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев, 1965  жылы туған, «Айдар» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Екібастұз ауылдық округінің Тай ауылында тұрады.

Болат Наврузбаевич Караев, 1976 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Құдайкөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның директоры, Құдайкөл ауылдық округінің Құдайкөл ауылында тұрады.

     Кайрат Кадырович Карымжанов, 1965 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қарасор жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның директоры, Құдайкөл ауылдық округінің Қарасор ауылында тұрады.

 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы