Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстанның ХҚКО инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды

         Инвесторларға қызмет көрсету секторлары Қазақстанның 19 облысындағы ХҚКО ашылды. Осы секторларда кез келген отандық және шетелдік инвестор бір терезе қағидаты бойынша 300-ден астам қызмет  алатын болады. Осы тәрізді секторлар өткен жылғы желтоқсанда Астана қаласының  екі ХҚКО-да  қызмет көрсете  бастады, ал 2016 жылдың басынан бастап осы секторлар Алматы қаласының 3 ХҚКО-да  және14 облыстық орталықтарда, соның ішінде Павлодар облысының ХҚКО қолжетімді болды.

Облыстық ХҚКО филиалының директоры Жаннат Нұржауованың айтуынша, инвесторларға қызмет көрсету секторының көмегімен кез келген кәсіпкер мұнда көптеген мекемелерді араламай, «бір терезе» қағидаты бойынша ресми келісімді жүргізе алады. «Бұл сонымен қатар олардың уақыттары мен қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді»-деді Нұржауова. 

            «Жаңа секторда бастаушы кәсіпкер құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қажет құжаттар жөнінде кеңес ала алады» - деп атап өтті директор.

            Инвесторларға қызмет көрсету секторларында  клиенттер ХҚКО-мен, электрондық үкімет порталы және мемлекеттік органдармен ұсынылатын  300-ден астам  қызметтерді алатын болады. Сонымен бірге құжаттардың мәртебесін isc.baseinvest.kz арнайы сайтында қарап отыруға болады.