kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Жаңа кәсіптік стандарт» тақырыбына «дөңгелек үстел»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу және «Кәсіптік мемлекет үшін кәсіби мамандар» мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру шеңберінде 14 қаңтарда Екібастұз қаласы әкімінің резиденциясында «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалының, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен активтерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің,   бизнес құрылымдарының, қаладағы ЖОО мен ООО-ның қатысуымен «Жаңа кәсіптік стандарт» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.  

         Қала әкімінің орынбасары Мариям Адасбаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Жаңа Әдеп кодексімен таныстырды.

         Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің 30-на кіруі жөніндегі жоспары.

Кәсіби кадрлардан тұратын кәсіби мемлекеттік аппарат құрмай, осы аталған әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мүмкін емес. Жоспардың 15 қадамы осыған бағытталған.

Оларды іске асыру мақсатында өткен жылы ірі ауқымды, оның ішінде норма шығармашылық сипатындағы жұмыстар атқарылды.

Жемісті жұмыс нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңдар және оларға қосымша нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамына сәйкес ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданған.

Мемлекеттік қызмет ардагері Бактыгул Булкаирова меритократия, тиімділік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген  қазіргі заманғы мемлекеттік аппараттың құрылуы және дамуы туралы мәселемен сөз сөйледі.

Мемлекеттік қызмет халықаралық тәжірибені ескере отырып, республикадағы барлық экономикалық және саяси жүйенің дамуымен қатар құрылу жолынан өтті. Азаматтардың мемқызметке тең құқылы қатысуы мен   мемқызметшілердің мансаптық өсуі үшін меритократия қағидаты – басқару қағидаты маңызды рөл атқарады, яғни басшылық орындарды олардың әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық ауқаттылығына қарамастан, барынша қабілетті адамдар атқарады. Мемлекеттік қызметтің осы реформасы қазіргі заман адамдарына мансаптық саты бойынша әрі қарай жылжуы үшін теориялық және тәжірибелік дағдыларды игеруіне шексіз мүмкіндік тудырады.

Тиімді отандық бизнесті дамыту жөнінде бизнес – қоғамдастық өкілінен Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, «ЭМИРЕЙТ GROUP» ЖШС-ның директоры Мирхат Мусанап сөз сөйледі. Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»  атты өз Жолдауында елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың маңыздылығын ерекше белгілеп айтты, бизнесті дамыту – табысты экономика кепілі. Шағын және орта бизнесті жан – жақты қолдау қашан да мемлекет саясатының басымды бағыты болмақ.

Шағын және орта бизнес – қалыптастырушы буын, мемлекеттік тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету оның жай-күйі мен дамуына байланысты.

ЕИТИ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Наталья Кебина «Адами капитал қазіргі кәсіптік мемлекеттік аппараттың негізі» тақырыбын ашты.

         «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Қуанбек Акказенов «Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру – мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбымен сөз сөйледі.

         Қазіргі заманау, кәсіби және автономды мемлекет аппаратын қалыптастыру бойынша бірінші реформаны орындау халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімінің деңгейін және азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру сияқты кілтті индикаторларға қол жеткізуге ықпалдасады.    

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза