Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Александр Вербняк Қояндыда есеп берді

         14 қаңтарда Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк  Қоянды ауылдық округінде есеп берді.

         2015 жылы атқарылған жұмыс жөнінде ақпарат беріп, ауылдықтарды  мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына белсенді қатысуға шақырды.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 шаруашылық  75 млн. теңге сомасында қарызға қаражат алып, оған 385 бас аналық ірі қара мал және 14 бас тұқымдық бұқа алды.

         «Құлан» бағдарламасы бойынша Екібастұз ауылдық округінде 57 бас  жылқы, «Алтын Асық» бағдарламасымен Екібастұз қаласында 600 бас қой алынды.

         Аталмыш есеп беру кездесуіне 58 адам қатысып, 1 адам сөз сөйледі. Қоянды ауылындағы көше жарықтандыруының ағымды жөндеуі туралы 2 сауал қойылды.