Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің Бесқауға ауылындағы есеп беру кездесуі

2016 жылдың 14 қаңтарында Екібастұз аймағында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесулері басталды.

Қала басшысы Александр Вербняк бірінші есеп беру кездесуін Бесқауға ауылында өткізді.

        Қала әкімі жыл қорытындысына қарағанда мал шаруашылығының  дамуы оң қарқын алғандығын айтып көрсетті. 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 2,3%-ға артты және  31,2 мың басты құрады, жылқы 15,6 %-ға (11,5 мың бас), қой - 1,2 %-ға өсті (4 мың бас). Мал басының ең көп өсімі Ақкөл, Екібастұз, Құдайкөл, Сарықамыс ауылдық округтерінде, Бесқауға және Шиқылдақ ауылдарында байқалады.

Ешкі малы 16 %-ға төмендеген. Күннің суып кетуі салдарынан 3 мың бастан аса мал үсіп қалды. Әсіресе, ұсақ малдың азаюы  Екібастұз (1349), Байет (1076) және Ақкөл (472) ауылдық округтерінде орын алды. 

2015 жылдың қорытындысында сүт өнімі өткен жылғы деңгейден 0,2%-ға және ет 3,4 %-ға өскен.

         2015 жылы «Табыс» шаруа қожалығы, «ЭМПК» және «Гранат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 207 бас ІҚМ өткізіпті. Екібастұз қаласы етті бағыттағы ірі қара малды селекциялық тұқымдық құрамын өзгертуде облыс деңгейінде үшінші орында.  

Есеп беру жұмысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

        Аталмыш есепке 62 адам қатысты. Аймақ басшысының баяндамасы бойынша 3 ауыл тұрғыны сөз алып, ауыл саябағын аббатандыру, жолды жөндеу және учаскелік полиция инспекторының жұмысы жөнінде 3 ұсыныс жасалды.