Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен   бекітілген   мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігімен мемлекеттік қызметтердің  70 түрі көрсетіледі.

2015 жылы жергілікті  атқарушы органдармен  барлығы 81322 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы-18468 және мемлекеттік органдар арқылы-59486.

         Электрондық Үкімет порталы арқылы электрондық форматта 3368 қызмет көрсетілді.

           Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына  орналастыру арқылы ұсынылады.

          Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызмет көрсетулер » бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттар мен регламенттері орналастырылған, сондай-ақ уәкілетті органдармен көрсетілетін қызметтер туралы  және ХҚКО жұмысы туралы ақпараттар орналастырылған.

            2015 жылы 28 семинар – кеңес, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы(«Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде) 15 мақала  жарияланды.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта және ХҚКО арқылы алуға болатыны жөнінде халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда.

 

        

Екібастұз қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                    Ф.Сапариева