kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Медициналық қызметке лицензияны ХҚКО-да алуға болады

Қазіргі таңда  Павлодар облысында 370 медициналық объектілер жұмыс істейді. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін  ХҚКО арқылы алу үшін клиентте өзімен бірге келесі құжаттар  болуы қажет: жеке куәлік, мемлекеттік баж салығы туралы түбіртек, біліктілік талаптарға сәйкес келетіндігі туралы мәліметтер нысаны. Сонымен қатар, стандартқа сәйкес, меншік немесе жалға алу құқығын  растайтын  құжатты, медициналық білімі туралы  дипломды, біліктілігін жоғарлатуды өту туралы куәлікті, еңбек кітапшасын ұсыну қажет. Лицензияның қосымшасын алған кезде де осындай тізім қажет. Медициналық қызметке  рұқсат беруді қайта ресімдеген кезде  лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері төлем туралы түбіртекпен бірге беріледі.  

 Лицензияны жоғалтқан кезде ХҚКО  оның телнұсқасын алу үшін жүгінуге болады. Осы жағдайда  сізге тек төлемді өткізіп, өтінішті толтыру керек.

 Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі мен баж салығының көлемі алынатын лицензияның түріне байланысты болады. Медициналық қызметке алғашқы рұқсат беру 15 жұмыс күні ішінде беріледі, төлем 10 АЕК құрайды, лицензияны қайта ресімдеу 3 жұмыс күні ішінде орындалады, баж салығы 4 АЕК артық емес соманы құрайды, құжаттың телнұсқасын 2 жұмыс күнінен кейін  лицензия берген кезде 100% ставка төлемімен алуға болады.

 Мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын айтып кеткіміз келеді, яғни сіз оны ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторында egov.kz  сайтында «е-лицензиялау» тарауында онлайн режімінде алуыңызға болады. Сканерленген құжаттардың көшірмелер тізімі қағаз данасына ұқсас келеді. Тиісінше электрондық өтінішті клиенттің электрондық цифрлық  қолтаңбасымен қол қою қажет.

 Медициналық қызметке лицензияны ХҚКО кез келген бөлімінде дүйсенбі- сенбі күндері түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сонымен қатар  азаматтарды қабылдайтын қызмет берушілерде  дүйсенбі -жұма  күндері сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін ресімдеуге болады.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза