kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

Жариялау күні: 03.06.2013 ж.

           2013 жылдың 3 маусымында Павлодар облысының әкімі  Ерлан Арын жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

           Ерлан Мұхтарұлы Арын сапар кезінде «Вершина» ЖШС-нің жаңа кірпіш зауытына барып, алғашқы қазықшаны қақты. Зауыт «Восточный» және «Экибастузский» кеніштері автожолдарының қиылысында салынатын болады. Өндіру қуаттылығы болжаммен жылына 30 млн. дананы құрайды. Жалпы жұмыс орнының саны – 180 адам. Зауытты іске енгізу 2014 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

           Ерлан Мұхтарұлы жұмыс сапары барысында «Шахтер» қалалық демалыс және мәдениет саябағында орналасқан «Екібастұз» атты теннис орталығының салтанатты ашылуына қатысты. Жобаның құрылтайшысы - «Вершина» ЖШС. Теннис орталығында 3 теннис корты, 2 үлкен тренажер залы, спорт зал, жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, киінетін бөлме, душ кабиналары бар,  шағын бар да қарастырылған.

  Содан кейін аймақтың басшысы Е. Арын «Павлодарэнерго» АҚ  Екібастұз ЖЭО-нда кеңес өткізді. 2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымын бастауға дайындық жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде   станцияның директоры Виктор Вебер баяндады.

- Алдағы 2013–2014 жылдардағы жылыту маусымында Екібастұз қаласын сенімді және үзіліссіз жабдықтау үшін Екібастұз ЖЭО-сында күзгі-қысқы ең көп жүктемелерден өтуге арналған 21 іс-шараны орындау жоспарланды, - деді В. Вебер.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза