kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Шідерті поселкесінің әкімі Ж. Жанымханның тұрғындар алдындағы есебінің тезисі

Шідерті поселкесі Екібастұз қаласының батыс бағытында 60 шақырым қашықтықта Павлодар - Астана тас жолының, теміржол трассасының және «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» бойында орналасқан.  Жалпы жер көлемі 12687 га. 2015 жылы поселктің жалпы бюджеті 6 бюджеттік бағдарлама бойынша 66 млн. 703 тыс.теңгені құрайды.

Шідерті поселкесінің аумағында 5 елді - мекен орналасқан, тұрғындарының саны - 3530 адам.

Олардың ішінде: 489 оқушы, 514 зейнеткер, 2 ҰОС ардагері, 98 мүгедек.( 1- топта - 12, 2-топта – 36, 3- топта – 37, бала кезінен мүгедектер -12).

Барлық мүгедектерге ИПР сәйкес қызмет көрсетіледі. 17 жалғыс басты зейнеткер  және 6 бала үйде қызметуге қамтылған.

2015 жылы баспана жәрдемақысы бойынша 9 жанұя өтініш білдірді, нәтижесінде 43,2 мың теңге төленді.

АӘК алушылар жоқ.

Жұмыссыз ретінде 6 адам тіркелген, олардың барлығы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Пеш жағып жылытатын үйлерде тұратын 59 азқамтылған жанұяға 118 тонна көлемінде көмірмен көмек көрсетілді.

Жеткізуге «Дена Рахсаз Констракшн» ЖТАҚ және Қ. Сәтпаев атындағы канал қатысты.

Поселкта дәргерлік амбулатория қызмет істейді. Тәулік бойы жұмыс істейтін орын бар. Күндізгі стационарда жатуға 5 төсек бар. Штаттық саны 25 адамды құрайды.

Білім беру.

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінде 51 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде: 45 жоғары білімді. 2016 жылдың түлектері – 24 адам. 15 желтоқсандағы жағдай бойынша ҰБТ орташа бал 74 балды құрайды.

Оқыту екі бағыт бойынша жүргізіледі: гуманитарлық - қоғамдық және жаратылыстану - математикалық.

Азқамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік бюджет есебінен ыстық тамақпен тамақтану ұйымдастырылған.

         «Оқушыларды мектепке дейін және мектептен үйге дейін жеткізуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 1 млн.381 мың. теңге. Осыған орай бюджеттен 1 млн 381мың теңге бөлінді және 141 оқушы автобуспен 4 елді-мекенге жеткізіледі. Мектепте шағын орталық қызмет етеді. 2015 жылы шағын орталыққа 18 000 000 теңге сомасында күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ тұрмыстық  техникалық базаға 3678,0 мың теңге бөлінді.

          «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі аппаратының № 11 «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» КМҚК 140 баладан тұратын алты топқа есептелген. 2015 жылы балабақшаны ұстау үшін 31 млн. 182,0 мың теңге бөлінді. Қызметкерлер саны 37 педагогты құрайды, оның ішінде 12 педагог біліктілігін жоғарылату бойынша курстан өтті. Балабақша поселкелік және қалалық іс-шараларға белсенді қатысады. Мынандай дипломдармен марапатталды:

3-орын – «Вокальная группа» және «Танцевальная группа номинациясымен, «Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестивальінде лауреат атанды.

Балабақшадағы балалардың келу пайызы -100 пайызды құрайды.

Шідерті поселкесінде 2009 жылы № 3 БЖСМ жанындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға енгізілген болатын. Кешенде спорттың мынадай түрлері бойынша 4 бөлім жұмыс істейді:

l.Қазақша күрес

2.Волейбол

3.Баскетбол

4.Футбол

Кешенге келушілер саны барлығы - 134  адам.

Спорттық кешенде кәсіпорындардың және мемлекеттік қызмет ұйымдарының қызметкерлері спортпен шұғылданады. Жастардың бос уақытында спорт комплексіне келуіне көп көңіл бөлінеді. Волейбол ж2не шағын футболдан аптасына 4 рет спорттық секциялар өткізіледі.

Мәдениет.

"Юбилейный" мәдениет үйінің штаттық саны 9 адам.

Ағымдағы жылы 69 шара өткізілді, оған 11 177 адам қатысты. Жылдық жұмыс жоспар атаулы мерекелерге бағытталды: ҰОС жеңісінің 70 жылдығы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы, , ҚР Конституциясының 20 жылдығы, және ҚР Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.  Сондай-ақ, мәдениет үйімен жоспарда жоқ қосымша іс-шаралар өткізілді: Солнечный поселкесінде концерттік бағдарламамен бару, Төрт-Құдық ауылында концерттік бағдарламамен бару;  Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған халықтық той, Қ.Сәтпаев атындағы канал күніне және Астана күніне арналған концерттік бағдарлама және халықтық той.

Кәсіпорындар.

Поселок аумағында 2 ірі қала құрушы кәсіпорын орналасқан: «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» филиалы Павлодар пайдалану басқармасы «Казводхоз» РМК. Каналда қызметкерлер саны 793 адамды құрайды, соның ішінде 670 қызметкер поселк тұрғындары. «КазСтройМонтаж» Концерні» ЖШС қызметкерлерінің саны 93 адам,  оның ішінде 99%-ы Шідерті поселкесінің тұрғындары.

         Шідерті теміржол станциясында Павлодар НОД-3 жол бөлімшесінің, Екібастұз ЭЧ-14 электрмен жабдықтау дистанциясының, Екібастұз УПЧ жол дистанциясының, Екібастұз ВЧД-16 вагон жөндеу ортылығының, Екібастұз  ШЧ - 25 сигналдық байланыс дистанциясының филиалдары, «Темір жол су», «Лесозащита» ЖШС жүк және жолаушы тасымалдаушы поездерді қабылдау және жөнелту жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Аталған кәсіпорындарда барлығы 100 адам еңбек етуде.

Поселк аумағында 2- ШҚ, 28- ЖК орналасқан.

Қоғамдық қауіпсіздік

Полиция бөлімшесінде 12 қызметкер қызмет атқарады. Ағымдағы жылда Екібастұз қ. ІІБ-мен Шідерті поселкесі округінің және Екібастұз қ. ауыл аймақтарының қызмет көрсетілетін учаскелерінде  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. Шідерті поселкесінің аумағында қылмысты ашу - 45 %. Павлодар қаласының емдеу-алдын алу мекемесіне ішімдіктен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге - 2 адам жіберіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 78 хаттама толтырылды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан полиция бөлімінің бастығына қызметтік пәтер берілді.

- 19 өрт сөндіру бөлімшесінде қызметкерлер саны – 11 адамды құрайды. Есептілік кезеңде шақырулар бойынша 26 жағдайда өрт сөндіруге шыққан, оның ішінде  тұрмыстық өрттер – 10, қоқыстың жануына және дала өртіне  16 рет өрт сөндіруге шыққан. Жалған шақырулар болған жоқ. Техника нормаларға сәйкес жабдықталған.

- Кентте «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының аса маңызды рөл атқарады, кентті қалааралық байланыс және Интернет байланысы қызметімен қамтамасыз етеді. Ұялы байланыстың барлық түрлері бар.

- «Қазпочта» АҚ филиалы коммуналдық төлемдер, электр қуатының төлемдерін, және несие өтеу төлемдерін жүргізеді. Зейнеткерлерді, ҰОС-ның ардагерлерін, мүгедектерді жәрдемақымен және зейнетақымен қамтиды. Баспасөз ақпарат құралдарына жазылу жүргізіліп, халыққа дер кезінде таратылады. 2015 жылға – 2 720 басылымға жазылды. 28 мемлекттік қызмет  көрсету түрлері жүргізіледі.

Шідерті поселкесінде екі пәтерлі бір қабатты 155 үй, екі қабатты 70 үй бар.Оның ішінде екі қабаты үйлер – 69 (688 пәтер), екі пәтерлі бір қабатты - 146 үй ( 289 пәтер) орталық жылуға қосылған.

Шідерті поселкесінде 25 км кварталішілік жылу және канализация желісі бар:

 13 км кварталішілік суқұбырлық желісі

 8,5 км магистралдық жылу желісі

 9,6 км магистралдық су құбыры

 5,3 км магистралдық канализациялық желісі.

         2015 жылы «Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың» қаражаты есебінен Ленин көшесіндегі ауыз судың негізгі магистралі ауыстырылды, сондай-ақ қалалық бюджеттен Мир көшесіндегі ауыз су құрбалары ауыстырылған болатын.

Мемлекеттік және жеке мүліктердің сақталуына, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көше жарықтары маңызды рөл атқарады. 145 шам есепте бар.

Железнодорожная, Естай, Графтио көшелерінің бойына қосымша 10 шам орнатылды.

Демеушілік қаржы есебінен 100 камаз ұйымдастырылмаған қоқыс шығарылды.

2015 жылы поселкте Ақсақалдар кеңесі, Жастар кеңесі, Кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Ақсақалдар кеңесі айсайын барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары есеп беретін жиындар өткізеді және онда поселктің маңызды мәселелері талқыланады. Есептік кезеңде Мәдениет үйі, мектеп, аурухана, ДСК, полиция, Канал басшыларының есептері тыңдалды, сондай – ақ көрсеткіштері төмен оқушылар шақырылды.

Жастар кеңесі қызмет атқарған уақыт аралығында 6 ірі іс – шара өткізді: 3 халықтық той және барлық мемлекеттік мекемлер қатысқан «Құбылмалы көңіл – күй» атты акция аясында 6 аялдамалардағы ескерткіштермен павильендар боялды. Сондай – ақ, қараша айында «Мисс Шідерті» байқауы өткізілді.

Кәсіпкерлер кеңесі қоғамдық іс – шараларды өткізуге тұрақты түрде көмек көрсетеді.

Ақсақалдар және жастар кеңесінің өкілдерінің қатысуымен көппәтерлі үйлер бойынша және көше басшыларын тағайындау бойынша және қысқа дайындық, көгалдандыру мәселелері бойынша жергілікті халықпен 30 жиын өткізілді.

2015 жылдың екінші жарты жылдығында поселк әкімі Мәдениет үйінде халықпен 3 жалпыпоселкелік кездесу өткізді.

2016 жылдың 1 жарты жылдығында поселте «Қазақстанның Халық Банкінің» филиалын ашу жоспарлануда.

  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза