Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауылының әкімі Г. Еңсебаеваның 2016 жылғы қаңтар айында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік. Шиқылдақ ауылы Екібастұз қаласының онтүстік-батыс жағында орналасқан.Жалпы алғанда ауыл-шаруашылық 116 000 гектар жері бар. Бүгінгі күні  ауыл тұрғындарының саны 505 адам.

           Ауыл шаруашылығы.

        Мал  шаруашылығымен  айналысатын 20 шаруа  қожалықтары және  6

 жеке кәсіпкерлік ұйымдастырылған.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы Аскерхан Айнагул  2,0 млн. теңге шағын несие алып, қара мал сатып алды.

«Табиғат»  шаруа  қожалығы  басшысы  Ибраев М.А. лизингке 3 млн 700 мың  теңгеге  МТЗ-82,1 жабдықтарымен тракторын  алды.   

 Ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен дайындалған 4670 тонна  шөп  қыстаққа  жеткілікті жеткізілді, жоспар 109,6 пайызға орындалды.

           Білім. Жалпы орта білім беретін 1 мектеп жұмыс істейді, мектепте 86

 оқушы  білім  алады, 0 мен 5 жас аралығында  66 бала бар. Оның ішінде (мектеп

 алды даярлық тобында, шағын орталықта) -20 бала қамтылған. Жалпы біліммен

 қамтылған жасөспірімдер -100%.

Мектепте Интернет жүйесі қосылған.

Денсаулық сақтау. Медициналық пункт СЭС талабына сай, пунктке арналған  жабдықтар бар. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бекітілген графигі бойынша медицина саласының мамандары келіп қабылдау өткізіп тұрады.Жылына бір рет ауыл тұрғындары медициналық жылжымалы  пунктін қызметін көреді МЕД-КАР.

Әлеуметтік саласы. Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімінде 3 адам   есепте тұр, бұл  3 адам жыл бойы белгіленген кесте бойынша қоғамдық жұмысқа тартылады, 2015 жылы 3 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылған.         

Ауыл көлемінде  тұратын аз қамтамасыз етілген, мүгедектерге,  көп

балалы  отбасыларына бюджеттен бөлінген 54 тонна көмір тегін тасылып,

таратылып берілді.

Спорт және мәдениет. Ауылдық клуб сиымдылығы 80 орындық. Мәдени      іс шаралар бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша атқарылады. Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында аталып өтеді.

Ауыл кітапханасының жұмысы өзінің жоспарына сай жүргізілуде. Кітап   қоры 10250 дана.

Ақырғы жылдары кітапхана мемлекеттік тілдегі кітаптармен  тұрақты

толығуда.

Ауыл жастары  мерекелерге арналған іс-шараларға үнемі қатысып отырады.   Үнемі спортпен шұғылданатын жастар пайызы 100%. 

 

Инфроқұрылым. «Казпошта» АҚ   бөлімшесі ауыл тұрғындарын ақпарат  құралдармен қамтамасыз етуде, зейнеткерлерге зейнет ақы мен жәрдем ақылары беруде. Ауыл  тұрғындары  «Отау ТВ»  спутникалық теледидармен қамтамасыз етілуде, қамтылғандар - 75 пайыз құрайды.

Телефон байланысы: бүгінгі күні әр үйге терминал орнатылды ақаусыз жұмыс істеуде.

Таза сумен қамтамасыз ету:  КБМ  жұмыс  істеп  тұр.

Ауылда көше жарығы қамтамасыз етілген.

Ауылға кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайында ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерді көркейту және жасылдандыру: көркейту және көгалдандыру  жұмыстарына   сенбіліктер  өткізіліп  тұрады.

Ауылдық елді-мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету –

ауыл  бойынша   тұрғындардың  қыстан шыққан көн-қоқыстардың, ауыз

суларын    тасумен  МТЗ-82,1 тракторы айналысады.

         

          Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты. Мемлекеттік атқарушы органдар тарапынан қоғамдық  ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын  жақсарту  үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді  және өткізілуде.

 

2016 жылға Шиқылдақ ауылының дамытуға алға қойылған  тапсырмалар:

-Шиқылдақ ауылының көлемінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға көмектесу, ауыл көшелерін, жеке меншік аулаларын санитарлық талапқа сай ұстау жұмыстарын жүргізу, ауыл көшелерин абаттандыру жұмыстарын, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайын қамтамасыз ету, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау,  көше жарықтандыруларын ұстау жұмыстарын  жүргізу.