Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байет ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес, тоқсан сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында  есеп беру кездесуіне жиналып отырмыз. Байет ауылдық округі Екібастұз қаласының солтүстік батысында орналасқан. Оның ішінде ауыл әкімінің иелігіндегі жер көлемі 12552 га жерді  құрайды.. Атығай ауылының барлық жер көлемі 3996 гектарды құрайды.

 Байет ауылдық округінің құрамына Атығай және Байет ауылдары кіреді. Ауылдық округтің орталығы Байет ауылы Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта Қаныш Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» су арнасының бойында орналасқан.

 Байет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында 110 отбасы, Байет ауылында 160 отбасы барлығы 270 отбасы бар.

 Ауылдық округ бойынша халықтың жалпы саны 1311 адам болса, оның ішінде еңбекке қабілетті адам саны 700, тұрақты жұмыс істейтіндер 425 адам, жеке негізде жұмыс істейтіндер 18 адам, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 4  адам бар.

         Ауылдық округ бойынша зейнеткерлер саны 109, мектеп  жасындағы балалар саны 241,  I, II, және III топтағы мүгедектер саны 39 адамды құрайды.

Ауылшаруашылық саласы:

Ауылдық округ бойынша есепті мерзімде 16 шаруақожалығы, 28 жекекәсіпкер, 1 ауылдық тұтынушылар кооперативі жұмыс істейді. Оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер 40, маусымдық жұмыс істейтін 2  шаруақожалығы бар.  2015 жылы жоспар бойынша 3054 бас ірі қара мал 6526 бас ұсақ малға серологиялық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 2 бас сарып ауруына шалдыққаны анықталып уақытында жойылды.

 Қарасан, сібір жарасы, туберкулез ауруларына қарсы 2855 ірі қара малға, 6100  ұсақ малдарға екпе жұмыстары жүргізілді.  Сондай- ақ 180 құсқа,  құс тумауына қарсы  дәрі салынды. Жыл басынан бері 800 бас қара малға, 2200 бас ұсақ малдар  сырғаланып базаға енгізілді.  Байет ауылдық округі бойынша 2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасына 6 жоба қатысып, жаңадан 2 жеке кәсіпкер ашылды.  Барлығы есепті кезеңге дейін  1 млн 600 мың тенгенің несиесі игеріліп, мал сатылып алынды. 

Әлеуметтік сала бойынша:

         Ауылдық округ бойынша 2015 жылдың есептік мерзімде  Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының құрылысына 34 адам, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Астана-Өскемен» бағытында салынып жатқан жол құрылысында барлығы 75 адам жұмысқа қамтылған. Оның 29 маусымдық және уақытша жұмыс істеді. 46 адам тұрақты орнымен қамтылып жұмыс істеуде. Қазіргі күні жұмыс көлемі азаюы  және қысқы маусымға байланысты кейбір жұмыс учаскелерінде жұмыс тоқтатылып еңбек демалысына жіберілген. Өткен жылы жол құрылысына 400 адам қамтылса, 2016 жылы 700 адам қамтылады деп күтілуде. Сондықтан да биылғы жылы жұмыс орны жылдағыдан да көп болады – деп күтілуде.

 Байет ауылдық округі бойынша МАӘК және балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы  алушы отбасылары жоқ. Қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту бөлімінен 48 мүгедек, еңбек ардагерлері және аз қамтылған отбасына 96 тонна көмір отыны «Богатырь» кенішінен тегін берілді.

Халыққа қызмет көрсету саласы:

  1. «Байет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2015 жылы жеке тұлғалардан барлығы 10 өтініші, заңды тұлғалардан -1 өтініш түскен. 11 өтініште жер қатынастары мәселелері бойынша түскен, Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес қаралып 11 адамның өтінішіне қанағаттанарлық жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сласы бойынша 343 өтініш түскен. Яғни мал басы және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру.  Округ бойынша телефон, интернет, ұялы байланыс 100 % қамтамасыз етілген. Таза су КБМ модуль-блок құдығы, электрмен жабдықтау қызметі, пошта  қызметі, ауыл дүкендері 2015 жылғы есептік мерзімінде ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет атқаруда.

Мәдениет, білім және денсаулық саласы:

Байет ауылдық округі бойынша Байет және Атығай ауылында 11 жылдық 2 орта мектепте 2014- 2015  оқу жылында 241 оқушы оқуға қамтылды. Оның ішінде Байет орта мектебінде 152 оқушы, Атығай да 89 оқушы. Шағын бала бақшаға 40 бала қамтылған. Байет орта мектебінің техникалық базасы толық қамтылған. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 2 млн.250 мың тенге бөлініп мектепке жаңа «5+1» 3 компьютерлік класы, 260 мың тенгеге шағын орталыққа жылы еден және 348 мың 950 тенгеге мектеп ауласына көлеңкелі шатыр орнатылды, 3 млн 245 мың 760 тенгеге мектептің от жағу пештері және оның қосымша құралдары орнатылды.  Округ бойынша осы мектептерде 52 мұғалім еңбек етуде. 2014-2015 жылғы оқу жылында Атығай мектебі  ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 89 пайыз. Атығай, Байет  орта мектебі оқушылары қалалық, облыстық байқауларда жүлделі орындар иеленуде. Атығай орта мектебі 6 сынып  оқушысы Фестивал Айбек  «Мағжан оқуларында»  1 орын,  9 сынып оқушысы Тамашбай Меруерт «Мұқағали оқуларында»  2 орынды иеленді. Байет орта мектебі 11 сынып оқушысы Жүрдіхан Бауыржан қалалық «Торайғыров оқулары», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Мағжан оқулары» 1 орын, облыстық «Мағжан оқулары» 2 орынға ие болды. Мектептерге қысқы мерзімге барлығы 927 тонна көмір бөлінді. Байет ауылдық кітапханасы ауыл оқырмандарына қызмет етіп келеді.  Бүгінде кітапхана қорында 5245 кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде- 2494 дана. Кітапхана ай сайын қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен жаңа буын оқулықтарымен, көркем ғылыми анықтамалық әдебиеттермен қамтамасыз етіліп тұрады. 2015 жылы тарихи туындының авторы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай кітап көрмесі түрлі іс-шаралар атқарылды. Байет, Атығай ауыл клубтары елді мекендер орталықтарындағы ең баға жетпес мәдени рухани тәрбие беретін мекеме. Клубтар 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеді. Қалалық «Тазша бала» сайысынан Атығай ауылы  1 орын (Сейсембаев Олжас) Байет ауылы 2 орынды (Ерболатұлы Бекболат) иеленді. Атығай ауылының клуб меңгерушісі Қабыкенов Жомарт облыстық «Әке асқар тау» сайысына қатысып бас жүлдені жеңіп алды.  Байет ауылдық фельдшерлік пункті ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетсе, Атығай елді мекенінің тұрғындарына 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Округ бойынша 154 адамның кеуде клеткасына флюографиялық тексеру жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы округ бойынша  40 сәби өмірге келген. Бала өсімі ауылдық округтер арасында ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр.  БЦЖ-ға қарсы 24 адамға дәрігерлік зерттеу жүргізілді. Онкология ауруымен ауыратын -6 адам, туберкулезбен -1 адам тіркеуде  тұр. Ауылдық округі аппаратында жергілікті өзін-өзі басқару бойынша  бері көше комитеттері, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңесі тұрақты жұмыс істейді. Осы қоғамдық ұйымдар көшелер бойынша ауылдық өміріне, тыныс тіршілігіне байланысты мәселелерді шешуге, тұрғындар арасында ауылды көріктендіру, мәдени іс-шараларға қатыстыру, ағымдағы мәселелерді жедел шешуге жұмылдыруда үлестері өте зор екенін атап өтуіміз қажет.  Ауыл бойынша Атығайда 5 табын, Байетте 6 табын мал ұйымдасқан түрде бағылады. 2015 жылы Байет ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша  27 адам жауапкершілікке тартылды, тіркелген қылмыс  саны -6, оның ішінде ашылмаған 2 қылмыс.

  әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі мәселелер

 

Байет ауылдық округі бойынша 12 шаруа қожалығы мал өнімдерін, 3 шаруа қожалығы көкөніс, бау-бақша өнімдері 25 жекекәсіпкер мал өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауылдық округ бойынша 3 дүкен халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қол жетімді бағамен тұрғындарға қызмет етеді. Шаруашылықтар мен жекекәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қосалқы шаруашылығындағы малдарына қажетті жем-шөппен қамтамасыз етілді. Ауылымыздың шаруа қожалықтары қалада  өтетін жәрмеңкелерде  ет, сүт, көкөніс өнімдерін үнемі жеңілдетілген бағамен сатып, өңіріміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Жоспар бойынша 7550 тн шөп дайындалып жеткізілді.

2015 жылғы Байет ауылдық округінің бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы:

 

«Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған бюджеті 16 миллион 310 мың теңгені құрады. Қазіргі есептік мерзімде бюджетте қаралған қаржының игеру 100 пайызға орындалып отыр.

1. Көше шамдарын ұстауға арналып бөлінген 1 млн 117 мың тенге 100 % орындалды.

2. Күл-қоқыс полигондарын ұстауға арналған 300 мың теңгенің жұмысы мемлекеттік сатып алу жолымен ЖК «Бақтылы» атқарып 100 пайыз орындалды.

3. Ауыл жолдарын қардан тазалау бойынша 290 мың тенге игерілді. «Абуев» ЖК, «Дружба» шаруақожалығы қатысып 100% орындалды.

4. Өңірлерді дамыту бойынша 1,376 мың тенгенің қаражатына Атығай, Байет ауылдарының көше шамдары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Орындаған АБ «Компания ПВ» жеке кәсіпкері.

5. Ауыл әкімі аппаратының жылу қазандығы мен батарейлерін толығымен ауыстырылды. Бұл жұмысты «Файзолла» ЖК атқарды..

6. Ауыл халқын таза ауыз сумен қамту мақсатында құрылған КБМ модуль-блок кешеніне қызмет көрсету үшін 955 мың теңге бөлініп 100% орындалды.

7. Мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік  қызметкерге бөлінген 353 мың тенге қарастырылып толық орындалды.

Қорытынды:  

Жыл басындағы ауыл әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиналысында айтылған ұсыныс- пікірлердің орындалу барысы туралы:

Өздеріңіз білесіздер 2015 жылдың 17 қаңтар күні Байет, Атығай ауылдарында есеп беру кездесу жиналысында қойылған ұсыныс-пікірлер туралы.

Хадам Бүркітхан: Байет ауылының көше шамдарын жаңарту, толықтыру туралы сұрақ қойған.

- Өңірді дамыту бағдарламасы бойынша Байет ауылының көше шамдары толықтырылып, жаңартылды.