Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы ТЕЗИСТЕРІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының – ең негізгі тұстарын айқындап берді. Өркендеудің жаңа бағытын нұсқап, межелі мақсаттарды іске асыруға шақырды.

Ең алдымен адам капиталы мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым етті.

Яғни, жергілікті биліктің алдында өңірлерді дамыту үшін аса зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.

Екібастұз ауылдық округінің жалпы жер көлемі  268,7 мың. шаршы шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі

206,62 мың. гектар,егістік жер көлемі  687 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Төртүй, Ақши, Мыңтомар, Қаражар, Тай, Талдықамыс, Көксиыр ауылдары кіреді.

 Жалпы тұрғындар саны округ бойынша - 1153 адам: Төртүй ауылында -459 адам, жер көлемі  113,24  шаршы шақырым, Ақши ауылында - 55 адам, жер көлемі  34,76 шаршы шақырым, Мыңтомар ауылында - 116 адам, жер көлемі  34,55 шаршы шақырым, Қаражар ауылында - 61 адам, жер көлемі  32,33 шаршы шақырым, Тай ауылында – 346 адам, жер көлемі 29,2 шаршы шақырым, Көксиыр ауылында – 64 адам, жер көлемі 9,3 шаршы шақырым, Талдықамыс ауылында – 52 адам, жер көлемі 8,7 шаршы шақырым.

 Ауылдық округте 48 ауылшаруашылық құрылымдар жұмыс істейді, оның ішінде шаруа қожалықтар - 50.

Ауылдық округте барлық шаруашылығы бойынша қара мал саны - 6801 бас, қой мен ешкі - 12391 бас, жылқы - 2292 бас, түйелер – 15,шошқалар-20 бас, құстар саны - 1318. Барлық мал түрлерінің өсуі байқалады.

2014 жылдың желтоқсан айына дейін әкім аппаратына 20 азаматтан өтініш қабылданды  жеке және заңды тұлғалардан , оның ішінде 20 жазбаша , барлық 20 –өтініш жер учаскесін сұрау туралы .Ауылдық округ әкімінің атына тұрғындардан түскен барлық өтініштер мерзімінде қаралды.

Ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы кесте бойынша Төртүй ауылында әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі және Тай ауылында жұма күндері 15:00 – 17:00 сағаттар аралығында жүргізіледі.

Төртүй ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда бір жоғарғы білімді дәрігер және төрт орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.                               Тай ауылындағы мед пунктте екі орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.

Ауылдық округте екі орта, екі бастауыш мектеп бар, барлық оқушылар саны 161, білім беру саласында орта мектепте - 44 ұстаз, бастауыш мектептерде - 5 ұстаз жұмыс істейді.

            Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджеттік интернатта 26 оқушы білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі. Осы аталған мектептерде бүлдіршіндерге арналған шағын орталықта 35 бүлдіршін тәлім алуда. Олар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп жаңа заманауи технологиямен, интерактивті тақтамен және жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.

Ауылдық клубтар, пошта және кітапханалар жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Екібастұз ауылдық округі бойынша кітапханаларда кітап қоры 11784 дана құрайды, оқырмандар саны 558 адам.

Округ бойынша жеті ауылдық елді - мекеннің  көшелерінде 94 жарық шамдары жұмыс істеп тұр: Төртүй ауылында - 36, Ақши - 4, Мыңтомар - 6, Қаражар - 4, Шилықұдық – 2, Тай – 29, Талдықамыс – 4, Көксиыр – 6, Жартас – 3.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізіліп тұрады.

Асыл тұқымды малдардың мінездемелерін жақсарту үшін,     «Достық»  шаруа қожалық басшысы Кицул Алексей 5 бас қазақтың ақбас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды,  «Елқонды» шаруа қожалық  басшысы Қаиров Максут шаруашылығын дамытуға 7,0 млн.теңге несие алды ,  Капанов Казбек жеке шаруашылығын ұлғайту үшін 10,5 млн.теңге алды.

Көкеніс өсіру шаруашылығында «Аби» шаруа қожалық басшысы Елемесов Сағадат 7 га жерге картоп егіп , 17 тонна өнім алды, «Айбек» шаруа қожалық басшысы Шайкенов Ержан  15 га жерге картоп егіп , 36 тонна картоп жинады .

Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Екібастұз ауылдық округінде 2 учаскілік полиция инспекторлары жұмыс істейді.

Сонымен қатар учаскілік полиция инспекторлары ауыл азаматтарынан құралған ерікті сарбаздарда түнгі уақытта көшелерде патрульдейді.

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша округ бойынша барлығы 8 адам 22 млн. теңге қаржыға несие алды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы щенберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру үшін 1 млн. 320 мың теңге қаржы бөлініп, Төртүй, Мыңтомар, Көксиыр, Тай ауылдарында рұқсат етілмеген қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша:

Бірінші бағыты бойынша:

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округін  даму жоспары бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар:

1 млн. 230 мың.теңге сома жұмсалып көлеңке шатырлары орнатылды;

504 мың.теңге сома жұмсалып жылы еден орнатылды;

6 млн.500 мың.теңге;

Екібастұз ауылдық округі  бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  2016 – 2017 жылдарға арналған инвестициялық жоба жоспарлары:

1. Ойын-сауық орталығын ашу  – 3 млн. теңге.

2. Шаштараз ашу – 1 млн. теңге.

3. Шағын бала бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 4 млн. теңге.

4. Салауатты – дене шынықтыру аланың салу – 2 млн. 500 мың теңге.

Алдағы уақытта ««Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру тұр, стратегияның негізгі мақсаты - біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен амандығы болып табылады.