Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015 жылдың ішінде Құдайкөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері бойынша Құдайкөл ауылдық округінің әкімінің м.а. А.М.Сейілжановтың халық алдындағы беретін есебінің тезисі

Абаттандыру.

Құдайкөл ауылдық округі бойынша 686 адам тұрады. Ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдастардың әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыруда.  2015 жылы елді мекендерді абаттандыру бойынша келесі іс-шаралар өткізілген:

- санитариялық тазалау -  640 мың теңге, Құдайкөл ауылынан қоқыс шығарылған.  Құдайкөл ауылының көшелерін жарықтандыруға 1 млн 303 мың теңге қаражат бөлінген және игерілген. Ал тас жолдарды ұстау, жөндеу жұмыстарына - 245 мың теңге. «Өңірлердің дамуы» бағдарламасы бойынша Құдайкөл ауылының саябағын абаттандыруға қалалық бюджеттен 733 мың теңге қаражат бөлінген, саябаққа қоршау салынған.

Халықты әлеуметтік қолдау.

2015 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы ахуалы жақсаруда. Жұмыс істейтіндердің саны 291 адам. Жұмыссыздар есебінен тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 2 адам. Жұмыспен қамту бөлімінің есебінде тұратын жұмыссыздар саны – 8 адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алатындар – жоқ. Жұмыссыздар есебінде тұратын жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа қатысады. Құдайкөл ауылының тұрғындарының көбі жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады, ет-сүт өнімдерін Екібастұз қаласында өткізеді. 2015 жыл бойы қаланың муниципалдық базарында 70 мыңдай литр сүт және 21 тоннадай ет өнімдері өткізілген.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына ерекше көңіл бөлінеді. «Богатырь Комир» ЖШС ауылдық округінің 33-жанұясына көмір берген.

Білім саласы.

Құдайкөл ауылдық округі бойынша екі жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мұғалімдер саны -49, оқушылар саны – 111.

2015-2016 оқу жылының қыс маусымына мектептерге көмір:

-  Құдайкөл ЖОББМ - 510 тонн;

- Қарасор ЖОББМ – 349 тонн әкелінді.

2015 жылы мектептерде өткізілген іс-шаралар:

1) Құдайкөл ЖОББМ -

жылыту жабдығын күрделі жөндеу (4 863 263 теңге);

 

шағын орталықта көлеңке қалқасы орналастырылған (404 799 теңге);

 

шағын орталықта жылы еден төселген (249 000 теңге);

 

750 мың теңгеге 5+1 компьютерлер сатып алынған

2) Қарасор ЖОББМ -

шағын орталықта көлеңке қалқасы орналастырылған (329 000 теңге);

 

150 000 теңгеге мектеп ғимаратында мүгедектерге арналған пандус орналастырылған;

 

шағын орталықта жылы еден төселген (165 000 теңге);

 

Ауыл шаруашылық.                                                        

Ауылдық округі бойынша мал саны:

 

Шаруашылықтың атауы

Ірі қара мал

Қой және ешкі

Жылқылар

2014

2015

2014

2015

2014

2015

Шаруа қожалықтар

923

789

1757

2181

365

466

Үй шаруашылықтары

1587

1390

1857

1829

123

108

Барлығы

2510

2179

3614

4010

488

574

 

Өткен жылмен салыстырғанда мал басы көбейген:

ІҚМ - _0,1__%, ҰҚМ - __1,1__%, жылқылар- _1,1__%.

Жеке қосалқы шаруашылықты көбейтуге, мал сатып алуға шаруа қожалықтарға және жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелер берілген.  Осының арқасында ауылдық округінің мал саны біраз өскен.

 

Қыс маусымына 6000 тонна шөп дайындадық, жоспар бойынша 4500 тонна шөп қажет еді. Біз бір жарым жылдың мөлшерін орындадық.

2015 жылы шаруа қожалықтарға көмекқаржы ретінде көмек көрсетілген. Шаруа қожалықтар 88 га картоп еккен. Соның ішінде «Заман» ШҚ – 73 га, «Рамазан» ШҚ – 15 га. «Заман» шаруа қожалығы 1 гектар жерден 20 тонна картоп жинаған. Барлығы картоптың жалпы түсімі 1400 тонна, соның ішінде сатылатын – 800 тонна, тұқымды – 600 тонна.

Осы жылы Құдайкөл ауылдық округі Екібастұз өңірінің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына недәуір үлесін қосты.

2015 жылы біз Құдайкөл ауылдық округінде орталық су жабдықтауды құрылыс салу мәселесі бойынша жоба-есеп құжаттанамасын жасау жұмыстарын аяқтауды жоспарладық. Жоба-есеп құжаттанамасын жасауға бюджеттен 17 млн теңге қаражат бөлінген, тендер нәтижесінде 11 млн 200 мың теңге қаражат игерілген.  Қарасор ауылында жер асты су құбырын құрылыс салуға жоба-есеп құжаттанамасы дайын.