Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теміржол ауылдық округі әкімінің Е.Е. Қасеналиннің тұрғындар алдындағы есебінің ТЕЗИСІ

Теміржол ауылдық округінің аумағы 6388 га құрап екі елді мекен орналасқан – Құлакөл ауылы және №3 бөлімшесі.  Тұрғындар саны  614 адам. Құлакөл ауылында 470, №3 бөлімінде 144 адам. 

         Әлеуметтік сала

2015 жылдың қаңтарынан бері 8 бала туды. Барлығы 15 мүгедек тіркелген.

2015 жылда қоғамдық жұмыста 4 адам тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ, 18 жасқа дейінгі балалары бар жәрдемақы алатын бір отбасы.

         Мүгедектер мен азқамтылған отбасылары әлеуметтік көмірмен қамтамасыздандырылды.

         Теміржол ауылдық округінде 2015 жылдың 13 сәуірінен 13 мамырға дейін көріктендіру айлығы өтті.

2015 жылдың 8 сәуірі күні Майқайың стансасының бастығы және Екібастұз іріленген теміржол бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарының жиыны өтті. Жиында теміржол бойында мал бағу ережесі түсіндіріліп және мал бағуға келісімді бекіту туралы, ауылды көріктендіру, несие алу сұрақтары қарастырылды.  

         Ауыл аумағында «Қазпочта» бөлімі жұмыс істеп зейнетақы, өтемақы және баспа өнімдерін жеткізеді.

Округте «Отау ТВ» ұлттық жерсерікттік телеарнасына 53 үй қосылды. 

Денсаулық сақтау

Округ аумағында медицина пункті жұмыс істейді. Округ тұрғындарына медициналық қызметті Екібастұз қаласының №1 поликлиникасы көрсетеді. 2015 жылдың сәуір айында №3 поликлиниканың  дәргерлер тобымен  округ тұрғындары медициналық байқаудан өткізілді, қыркүйек айында тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу үшін жылжымалы қондырғы келді. 

 Білім беру         

Майқайың ЖОББ мектебінде 33 мұғалім қызмет етеді, оқушылардың саны – 96. Мектепте 20 балаға есептелген шағын орталық бар. №3 бөлімшеден 26 оқушы тасылмадаумен қамтылған.

Мәдениет.

 Окрукте 60 орынға арналған клуб бар. Мәдениет бөлімімен бекітілген жоспарға сәйкес  шаралар өткізіледі. Әзіл-сатиралық, вокал және би үйірмелері  жұмыс  істейді. Клуб жыл бойы областық, қалалық шараларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Қараша айында ауыл клубының ашылуының 10 жылдығына арналған шара өтті.

Ауылдық округте 1 кітапхана, ондағы кітаптың қоры- 5300 кітап, оның ішінде қазақ тіліндегісі – 1800. Оқырмандар саны -250 адамды құрайды.

Ауылдық жастар спорттық шараларға белсенді қатысады, округте волейбол және баскетболдан спорттық секциялар жүргізіледі.

Құлакөл ауылында екі балалар ойын алаңы бар. 2015 жылы ағымдық жөндеу жүргізілді.

Ауыл шаруашылықтың дамуы

Теміржол ауылдық округінде 159 үй бар. Оның ішінде 53 (33,3%) үй мал шаруашылығымен айналысады.

Ауылдық округінде үш шару қожалығы «Әділ», «Бақыт», «Қабиден» және «Адам ауылы» орналасқан. «Адам ауылы» 2400,0 мың теңге несие алып, 20 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алды.

 Ауылдық округінде жалпы мал басы саны: ІҚМ – 533 бас (2014 жылға қарай 15 көбейді), КҚМ -1276 бас (0,6% көбейді), жылқы  - 155 бас (16,5% көбейді),  құс – 266 бас (3,9% көбейді).

Ауыл округте ветеринариялық дәрігер жұмыс істеп ветеринарлық алдын алу шараларын тұрақты өткізуде. Округта ауыл шаруашылық жануарларының әр түрлі аурулары тіркелген жоқ. Қыстаққа 1920 тонна шөп дайындалды, оның ішінде 1210 тоннасы басқа аулдардан тасымалданды.

Округте МТЗ-82.1 таркторы бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, №3 бөлімшеге ауыз су тасымалдау қызметтерін көрсетеді.

  Қоғамдық қауыпсіздік және құқықтық тәртіп

2015 жылда ауылдық округі мал ұрлығының алдын алу мақсатында 12 жиын өткізілді. Округ бойынша 2015 жылда мал ұрлығы тіркелменген. Ауылдық округте құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында «Сарбаз» 11 ауыл тұрғындарынан тұратын ерікті халық жасағы құрылған.

Кәсіпкерлік пен сауданың  дамыу

Теміржол ауылдық округінде  шағылтас  өндіретін 4 карьер жұмыс істейді: «Асфальтобетон» ЖШС, «Гедезия и картография ПВ» ЖШС, «Адина» ЖШС, «АТАЙ-Компани», шағылтас өндіруімен айналасады. саудамен айналасатын жеке кәсіпкерлер: «Сейсенбаев» ЖК, «Сабалакова» ЖК.

Инфрақұрылым

Теміржол ауылдық округі тұрғындарын Қалқаман кентінен тасымалданатын ауыз сумен «ҚТЖ»ҰК» АҚ теміржол арқылы қамтамасыз етеді. Қ.Сатпаев атындағы каналдан Қарасор мен Құлакөл ауылдарына су құбырын тарту жоспарланып отыр. Оның жобалақ-сметалық құжатын дайындауға қалалық бюджеттен 11200 мың. теңге бөлініп, игерілді.

Округте екі су ұңғымасы бар: Құлакөл ауылында және №3 бөлімшеде. 

 Көше жарығы электр жүйесінің жөндеу жұмыстарына 529,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ұстап тұруға 2015 жылы қалалық бюджеттен  300 мың теңге бөлінді.

Кіреберіс жолды ұстап тұруға 196,0 мың. теңге бөлініп, жұмсалды. 505,0 мың теңгеге ауылдың ішкі жолдарына ағымдық жөндеу жүргізіліп, келесі жұмыстары атқарылды: автогрейдермен жолдың негізгі және төменгі жиектері тас үгіндісімен тегістелді.