Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімі М.С. Какожановтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз өнірінің онтүстік -батыс бағытында орналасқан. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының 8 ауылдық округімен шекаралас. Халық саны 511 адам.

Өнеркәсіп. 2015 жылы «Аяқ-Қоджан» мыс кен орнындағы мыс өндіру зауытында  («Eurasia Соpper Operating» ЖШС) 1910 тонна катодты мыс өндірілді, сонымен қатар мыс байыту фабрикасында («Fonet Er-Tai Mining» ЖШС) 12 мың тонна мыс концентраты өндірілді. «Аяқ-Қоджан» мыс кен орнында жалпы 394 адам жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық. Ауылда ауылшаруашылық бағытында 22 заңды тұлға бар. 2015 жылы село бойынша егістік жер 2300 га құрады, соның ішінде 1300 га бидай, 700 га арпа және 300 га көп жылдық шөптер.

2016 жылға жоспарланған егістік жерлер3250 га құрайды. Оның ішінде: бидай – 2000 га, арпа – 500 га, көп жылдық шөптер – 750 га. Егістік жерлер 950 га астам болады. Сонымен қатар 550 га сүрі жерлер өнделді.

2015 жылы «Талан» шаруа қожалығы құрылды. Шаруа қожалығы қазақы ақ бас тұқымды ірі қара мал өсіруге мамндандарылды. Қазіргі уақытта 250 бас аналық ірі қара мал, және 12 бас қазақы ақ бас тұқымды бұқалар сатып алынды. 1 үй және 250 бас ІҚМ ұстауға келетін 1 малшаруашылық базасы қалпына келтірілді, сонымен қатар қажетті ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

Білім.  Ауыл мектебінде 88 оқушы,  29 – мұғалім бар. Шағын орталықта – 20 бала, тәрбиешілер – 2. Шағын орталықтың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС демеушілік көмегі есебінен 2015 жылы  1 110,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Денсаулық сақтау.  Ауылда медициналық пункт қызмет көрсетеді. Медициналық қызметкерлермен алдын ала медициналық байқаулар мен егу жұмыстары жүргізіледі. Дәріхана жұмыс істейді.

         Мәдениет. Кітапхана саны - 2, ауыл және мектеп кітапханалары, оқырмандар қоры – 8703 дана. Ауыл клубы  ұйымдастыру техникасымен,  жиһазбен жабдықталған.

Әлеуметтік сала. Жұмысқа жарамды тұрғындар 214  адам, 172 адам тұрақты негізде жұмыс істесе, 30  адам өзін - өзі жұмыспен қамтып отыр.

Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде  есепте тұрғандар саны 5 адам. Жалпы 2015 жылы 19 адам тұрақты, 15 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ауыл аумағында «Қазпочта»АҚ филиалы бар, онда зейнетақы, жәрдемақылар беріліп, мерзімдік басылымдар жеткізіледі.

Су жүйелері. Су ұңғымадан алып, 5,1 шақырым қашықтықты жүйемен таралып ауылға беріледі. 15 су калонкасы жұмыс істейді.

          2015 жылы әкім аппаратына жалпы 57 жеке тұлғалардан  өтініш келіп түсті, заңнамамен белгіленген мерзім ішінде барлығы қанағаттандырылды.

          2015 жылы бюджеттік қаражат есебінен 350,0 мың теңгеге су құбырының жөндеу жұмыстары жүргізілді.

200,0 мың теңгеге рұқсат етілмеген қоқыстардың жоюын іске асырылды.

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде 540,0 мың теңгеге көше жарығының ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді.

2016 жылғы жоспарында 488,0 мың теңгеге су құбырының және ЭЦВ сорғысының ағымды жөндеу жұмыстары жүргізу; соның ішінде 120,0 мың теңгеге су сапасының зерттеу жұмыстары; 916,0 мың теңгеге селоның кіреберіс жолдарын  ұстау; «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде 557,0 мың теңгеге көше жарығының ағымды жөндеу жұмыстары өткізу.